AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Болашаққа батыл қадам басайық!

Болашаққа батыл қадам басайық!

Әлеумет Бүгін 17:29 38
Болашаққа батыл қадам басайық!

 

Қазақ тарихы ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс секілді қасіретті кезеңдерге толы. Оларды ұмытпау – парыз. Бірақ тарихты есте сақтау мен өткеннің қайғысына байланып қалудың арасы бөлек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек» деген сөзі де осыны меңзейді.

26 тамыздағы Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы жастарды тарихты дұрыс түсініп, болашаққа сеніммен қарауға шақырды. «Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды» деген пікірін айтып, оптимист болуға үндеді. Бұл өткенді ұмыту емес, керісінше, одан сабақ алып, күш жинау деген сөз. Себебі, қазақ тарихында қасіретпен қатар жеңіс, қиындықты еңсеру және мемлекеттілікті сақтау жолындағы жетістіктер де бар.

Бүгінгі жастардың мүмкіндігі мол: шетелде білім алу, жаңа кәсіп бастау, технологияны меңгеру, өз идеясын әлемге таныту бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді. Сондықтан «бәрі қиын», «ештеңе өзгермейді» деген түсінік жастарды алға жетелемейді. Оларға үнемі мақтау немесе мін тағу емес, әрекет етуге мүмкіндік беретін орта қажет.

Ұлттық тарихты білу – өткенге жылап қарау емес. Тарихын білген жас тәуелсіздіктің қадірін түсініп, білім мен еңбектің, ел бірлігінің маңызын ұғынады. Сондықтан тарихты тек қасіретті оқиғалармен емес, ғылым, мәдениет, спорт және басқа да жетістіктермен бірге таныту маңызды. Жалған деректерге сүйенген патриотизм де дұрыс емес.

Қазіргі жастар үшін Отанды сүю – ұранмен шектелмейді. Сапалы білім алу, адал еңбек ету, кәсіп ашу, ғылыммен айналысу, қазақ тілін дамыту және қоғамға пайда келтіру – патриотизмнің нақты көрінісі.

Жаңа заман жас ұрпақтан белсенділік пен сенімді талап етеді. Жасанды интеллект, технология, ғылым, кәсіпкерлік пен білімді игеру – болашақтың негізі. Сондықтан «мұң-қайғы жастарға жараспайды» деген сөзді өткенді жоққа шығару емес, тарихтан сабақ алып, болашаққа батыл қадам басуға шақыру деп түсінген жөн. Өйткені, тарихын білетін, бірақ болашағынан қорықпайтын ұрпақ – мықты ұлттың негізі.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Бүгін 17:46

Сәлем – сөздің анасы: Қоғамдағы жаңа амандасу әдебі қандай болуы керек?

Бүгін 17:44

Сәлемдесу әдебін сақтаған жөн

Бүгін 17:38

Амандасу әдебі

Бүгін 17:33

Мұңмен емес, үмітпен өсетін ұрпақ керек - Тоқаев

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);