AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Амандасу әдебі

Амандасу әдебі

Мұны білген жөн Бүгін 17:33 43
Амандасу әдебі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақтың амандасу әдебіне қатысты пікірі қоғамда үлкен талқыға түсті. Мемлекет басшысы ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуын, сондай-ақ ер мен әйелдің де беттен сүйіп сәлемдесуін дұрыс емес деп бағалады.

«Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдердің еркектерді, еркектердің әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес. Біздің салт-дәстүрімізде мұндай ешқашан болмаған», – деді Президент. Мемлекет басшысы, әсіресе, әскери адамдар мен генералдардың бұлай амандасуына ерекше назар аударды. Оның пікірінше, форма киген ер-азаматтардың мұндай сәлемдесуі орынсыз көрінеді. Сондықтан ер адамдар, соның ішінде генералдар да бір-бірімен қолды нық қысып амандасқаны жөн екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзін ақын, жазушы Ербол Бейілхан да қолдады. Ақынның пайымдауынша, бұрынғы қазақтың қарым-қатынас мәдениетіне ұстамдылық тән болған. «Баяғы қазақ айлап, жылдап көрмеген адам болмаса, бір-бірімен сүйісіп амандаспаған», – дейді ол.

Ербол Бейілханның айтуынша, бұрын ер адамдар «Армысыз!», «Ассалаумағалейкум!» деп оң қолын кеудесіне қойса, әйелдер «Амансыз ба?», «Есенсіз бе?» деп иіліп сәлем берген. Оның пікірінше, бұрынғы қазақ сезімі мен мейірімін де ашық қимылдан гөрі ұстамдылықпен білдірген.

– Ертедегі қазақ дәл біздей еміренбейтін. Іштей жақсы көріп, сырттай өте ұстамды болатын. Мысал ретінде өзімді айтайын: мен бір үйдің үлкен немересімін, атам мен апамның кенжесі болдым. Әкем мықты адам еді, бірақ ерте дүние салды. Ата-апамның маған деген махаббатын, елжіреп тұратындарын іштей сезетінмін. Бірақ атам мені аймалап, бірде-бір рет сүйген емес. Тек кейде басымнан сипап, арқамнан қағатын. Апам да анда-санда басымнан сипап, шашымнан иіскейтін. Соның өзінен-ақ олардың маған деген махаббатын анық сезінетінмін. Бұл – үлкен мектеп, үлкен тәрбие. Қазақтың бұрынғы тәрбиесінде сезім де, махаббат та болған. Бірақ ол махаббат жария түрде емес, ішкі сезіммен, ұстамдылықпен көрсетілген, – деді ақын.

Мұнымен қоса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дүниетанымы мен ұлттық мінезге қатысты да маңызды мәлімдеме жасап, мұң мен күйзеліске тым көп мән беретін қазақстандықтарды сынға алды. Мемлекет басшысының айтуынша, жастар өткеннің ауыртпалығына байланып қалмай, болашаққа сеніммен қарауы керек.

«Біздің кейбір қаламгерлеріміз «мұң» деген сөзді жақсы көреді: «жүрегімде мұң, көзімде мұң»! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды», – деді Президент.

Тоқаев жастардың оптимист болып, қиындықты еңсеруге болатынына сенуі маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан өз күшіне сенетін, жігерлі ұлтқа айналуы керек, ал мұң, қайғы мен күйзеліс жастардың басты сипаты болмауға тиіс.

Президент бұл ойын кейін ұлттық тарих тақырыбымен де сабақтастырды. Ол ұлттық болмыс пен тарихи жадын жаңғырту, тарихи деректерді дәл танып, бұлтартпас айғақтар негізінде бағалау және өткен күнге салқын санамен зер салу мәселелерін де көтерді. Мемлекет басшысы өткен қасіретті ұмытпау керектігін, бірақ оны «ұлттық болмысымыздың арқауына» айналдыруға болмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, әлем халықтарының тарихымен қатар Қазақстан тарихына да үстірт әрі біржақты қарауға болмайтынын баса айтты. Президенттің пікірінше, тарих өкпе-ренішке емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқарасқа негізделіп жазылуы керек. Бұл, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін маңызды.

«Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс. Бұл – ең алдымен өскелең ұрпақ үшін қажет дүние», – деді Президент.

Президенттің бұл бастамасы – өткеннің қасіретін фактологиялық негізде, логикалық қисында бағалауға шақырған үндеу, зілді, тұманды мұңға батудан арылып, ұлттық болмыс пен ұстамды тәрбиені қайта жаңғыртуға жасалған маңызды қадам деп хабарланып жатыр. Сарапшылар да қуатты ұлттың қалыптасуына салмақты сөз де, ұстамды мінез-құлық та, салқын сана да ықпал етеді деп мәлімдеп отыр.

Дастан ҚАСТАЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Бүгін 17:46

Сәлем – сөздің анасы: Қоғамдағы жаңа амандасу әдебі қандай болуы керек?

Бүгін 17:44

Сәлемдесу әдебін сақтаған жөн

Бүгін 17:38

Болашаққа батыл қадам басайық!

Бүгін 17:29

Мұңмен емес, үмітпен өсетін ұрпақ керек - Тоқаев

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);