конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Болашақ мамандар бас қосты

Болашақ мамандар бас қосты

Әлеумет 24.07.2025, 13:51 607
Болашақ мамандар бас қосты
gov.kz

Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық жастар слеті өз жұмысын бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам белсенді жас жұмысшы мамандықтарының келешегін талқылап, кәсіби шеберліктерін шыңдауға және жаңа серпін алуға жиналды.

Іс-шараның салтанатты ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев слет қатысушыларын құттықтап, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызын атап өтті:

"Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл – тек белгілі бір сала бойынша мамандар даярлау емес, жалпы еңбекке деген көзқарасты қайта қарау қажеттігін білдіреді.

Ұзақ жылдар бойы қоғамда жұмысшы кәсіптеріне қатысты теріс көзқарас қалыптасып келді. Алайда бүгінгі күні жағдай өзгерді. Қазіргі заманның жұмысшысы – жаңа технологияларды меңгерген, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие кәсіби маман.

Біз, мемлекет ретінде, еңбекті қадірлеу мәдениетін қайта жаңғыртып, жұмысшы еңбегіне лайықты құрмет қайтаруға бар күшімізді салып отырмыз. Өйткені индустриялық даму, өндірістің жаңғыруы мен экономикалық тұрақтылық — бәрі сіздердің қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Осы өзгерістердің алдыңғы шебінде – сіздер, жас мамандар тұрсыздар", – деді Ермек Көшербаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ермек Көшербаев #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында Абайдың рухани мұрасы ұлықталды

Бүгін 18:35

Этномәдени бірлестіктер өкілдері Алматыда Абай мұрасына арналған кездесуге қатысты

Бүгін 18:05

Таза ауада жүгіру мен зумба: Спорт күні аясында ALMATY MOVE алматылықтарды біріктірді

Бүгін 17:26

Тамыз ҰБТ-на кім қатыса алады?

Бүгін 17:05

Абай – ұлт руханиятының темірқазығы

Бүгін 16:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);