Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БЖЗҚ қанша пайда тапты?

БЖЗҚ қанша пайда тапты?

Әлеумет 27.02.2024, 05:03 1,177
БЖЗҚ қанша пайда тапты?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың бірінші айындағы таза инвестициялық кірісі 109,6 млрд теңгеден асты



Ағымдағы жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 109,6 млрд теңгеден аса таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 45,7 млрд теңге немесе 72% артық, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 10,3% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция 9,5% мөлшерінде болды.


Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында Қазақстандағы және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының әр түрлі қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Инвестициялық портфельді әртараптандыру (инвестициялау құралдары мен нарықтарының алуан түрлілігі) зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.


1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап инвестициялық кіріс 2024 жылғы 1 ақпанда шамамен9,5 трлн теңге болды. Ал бүкіл кезең ішінде жинақталған инфляция 761,15% болғанда жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 822,03% көрсетті. Осылайша, ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Тіпті, салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен кірістіліктің төмендеуі орын алған жекелеген кезеңдер үшін де мемлекет төлем алу құқығы басталған кезде айырмашылықты өтеуге кепілдік береді.  


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.


БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.


Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбатты - БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БЖЗҚ #Салымшы #инвестиция #кіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика