Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Біздің отбасымыз – Түркі әлемі»

«Біздің отбасымыз – Түркі әлемі»

Әлеумет 25.10.2024, 20:42 1,576
«Біздің отбасымыз – Түркі әлемі»
ҚР Әзербайжан Елшілігі

Бакуда Қазақстанның Республика күні аталып өтті

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға 900-ге жуық қонақ қатысты. Мерекемен құттықтау үшін Әзербайжан Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдері, әзербайжандық зиялы қауым, қоғам белсенділері, бизнес қауымдастығы және БАҚ өкілдері, сондай-ақ Әзербайжанда тұратын қазақстандықтар жиналды.

Қабылдаудың ресми бөлігінде Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған Президент Қ. Тоқаевтың Әзербайжанға және Президент И. Әлиевтің Қазақстанға бірнеше рет жасаған ресми сапарлары дәлел. Екі елдің қарым-қатынасы стратегиялық әріптестіктен одақтастық деңгейіне көтерілді.

Елші екі елдің Орта дәліз (ТХКБ) және Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту сияқты маңызды өңірлік жобаларды бірлесіп ілгерілетіп жатқанын, сондай-ақ бастапқы капиталы 300 миллион долларды құрайтын қазақ-әзербайжан инвестициялық қорының құрылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Елші қараша айында өтетін COP29 саммитінде Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның Орталық Азиядан Әзербайжан арқылы Еуропаға жасыл энергия экспорттауға бағытталған жаңа жобаны іске қосатынын айтты. «Қазақстан Әзербайжанды COP29 өткізу миссиясында толық қолдайды және бұл маңызды іс-шараға белсенді қатысады», – деп қосты Ә. Байел.

Елші наурыз айында екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстанның Әзербайжан халқына сый ретінде Физулиде салған балалар шығармашылығы орталығының ресми ашылғанын, сондай-ақ Алматыда Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келіссөздердің өткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ә. Байел Әзербайжан Президенті И. Әлиевтің «Біздің отбасымыз – Түркі әлемі» деген сөзін қайталай отырып, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етіп отырған жылы осы ұйымның 15 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқанын еске салды.

Іс-шараның ресми бөлігінің соңында Ә. Байел Мемлекет басшысының атынан белгілі әзербайжандық сарапшы және қоғам қайраткері Фархад Мамедовке екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қонақтарға Маңғыстау облысының инвестициялық және туристік әлеуеті туралы презентация ұсынды.

Салтанатты қабылдауда қонақтарға ұлттық тағамдар мен отандық компаниялардың өнімдері ұсынылды. Сондай-ақ, әзербайжандық журналист және фотограф Рустам Гасымовтың Қазақстанға арналған авторлық фотокөрмесі өтті. Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары Қазақстанға тегін билеттер ұтысы өткізді. Маңғыстау облысынан арнайы келген шығармашылық ұжым өнер көрсетіп, Қазақстан мен Әзербайжан авторларының туындылары шырқалды. Кеш дәстүрлі ән-бимен жалғасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні #Қазақстан #Әзербайжан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика