AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Биылғы бес айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көл...

Биылғы бес айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артты

Экономика 13.06.2025, 17:00 875 dulatbekova
Биылғы бес айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артты
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өсті.

Өсім негізінен мал шаруашылығы өнімінің 4,2%-ға артуының есебінен қамтамасыз етілді – 1,2 трлн теңгеге дейін. Атап айтқанда, сойыс салмағындағы ет өндіру көлемі 3,0%-ға (409,1 мың тоннаға дейін), сиыр сүті өндірісі 7,5%-ға (1 347,9 мың тоннаға дейін) артты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мал басының өсуі байқалды: ірі қара мал – 23,4%-ға (9,7 млн басқа дейін), қой мен ешкі – 7,8%-ға (26,3 млн басқа дейін), жылқы – 112,0%-ға (5,0 млн басқа дейін), түйе – 8,5%-ға (321,3 мың басқа дейін), құс – 2,2%-ға (47,7 млн басқа дейін).

Өсімдік шаруашылығы өнімі 68,0 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі (ФКИ) 100% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік өнімдерін өндіру 10,5%-ға артып, 1 496,5 млрд теңгеге жетті, ал сусындар өндірісі 5,3%-ға өсіп, 451,9 млрд теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өсім 9 облыста және республикалық маңызы бар 2 қалада тіркелді: Жамбыл облысы – 151,3%, Жетісу – 138,4%, Шымкент қаласы – 123,5%, Солтүстік Қазақстан – 118,3%, Қызылорда – 116,7%, Ақмола – 113,6%, Маңғыстау – 113,4%, Шығыс Қазақстан – 111,7%, Астана қаласы – 111,3%, Алматы облысы – 110,6%, Түркістан облысы – 110,5%.

Сондай-ақ, жекелеген азық-түлік түрлерін өндіру көлемі артты: өсімдік майы – 19,1%-ға (376,8 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 11,3%-ға (31,1 мың тоннаға дейін), сары май – 12,7%-ға (15,1 мың тоннаға дейін), ұн – 6,6%-ға (1 438,3 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – 4,3%-ға (106,2 мың тоннаға дейін).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #жалпы өнім #көлем артты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);