AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзг...

Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді

Әлеумет 10.01.2025, 08:20 883 dulatbekova
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Биылдан бастап әр ата-ана үйден шықпай-ақ балаларын балабақша кезегіне қоя алады.

Ол үшін мобильді қосымша арқылы өзіне ұнаған бөбекжайды таңдап, кезек санын көріп, тіпті бос орынның бар-жоғын да біліп отырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл ваучерлік қаржыландыру жобасы деп аталады. Былтыр шілдеде пилоттық негізде Таразда томағасы сыпырылып, артынша Шымкент пен Түркістанда, жыл аяғында Оралда жүзеге асты. Артықшылығы ата-ана Indigo ақпараттық жүйесі арқылы 4 балабақшаның біреуін таңдап, кезекті көреді, бос орынды біледі.

Сондай-ақ, ата-ана мемлекеттен балалары үшін бөлінетін қаржы көлемін де қарай алады. Елімізде бір бала үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 58 мың теңге. Бұл төлем балаңыз баратын бөбекжай шығынына жұмсалады. Қаражат әуелі әр баланың атына ашылған есеп-шотқа түседі. Бүлдіршіннің балабақшаға барғаны расталғаннан кейін ғана мекемеге аударылады. Демек келмеген баланы келді деп жалған есеп жасай алмайды.

Жанар Оспанова, №9 бөбекжай меңгерушісі:

Бір күн келмей қалса бір күндік қаражатымыз алынып кетеді. Себепсіз келмей қалған жағдайда. Сондықтан әр тәрбиеші саналы түрде жұмыс жақсартып жатыр. Сол бала күнделікті балабақша келсін деген мақсатта.

Елімізде 1 млн-нан астам бала балабақшаға барады. Ал былтырдан бастап кезекке тұру күрт азайған. Бұл сандық жүйеге дайындық нәтижесі, дейді министрлік тарапы.

Манара Адамова, ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры:

2016 жылы 560 мың бала кезекке тұрса, кезектегі 2-6 жастағы бала саны 107 мың болды. Ал қазір ваучер жобасымен қатар жүріп, ары қарай қаржыландырып жатқаннан кейін қазір 2-6 жастағы кезекте тұрған балалардың саны 84 мың ғана қалды.

Ал жеңілдіктері бар ата-аналар құжатын тіркеу арқылы кезектен тыс ваучер ала алады.

Айта кетейік, балабақшалар ваучерлік механизмге көшкеннен кейін ешқандай конкурсқа қатыспайды. Қаржы аударуды министрліктің бірыңғай операторы ғана жүзеге асырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #Кезекке тұру #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);