Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл түлектердің рекордтық саны «Алтын белгі» иеге...

Биыл түлектердің рекордтық саны «Алтын белгі» иегерлері атанды

Әлеумет 18.06.2021, 09:10 2,299
Биыл түлектердің рекордтық саны «Алтын белгі» иегерлері атанды
Сурет: Kt.kz


Қазақстанның «Алтын белгі» түлектері


2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша, 9 738 түлек  «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген болатын, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР БҒМ сайтындағы хабарға сілтеме жасап.


Биыл «Алтын белгі» иегері атанған түлектердің басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) және Шығыс Қазақстан (738) облыстарынан. Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері салтанатты іс-шара барысында марапатталды.



«9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2% құрайды. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. Сонымен қатар тағы қуантарлық жәйт — «Алтын белгі» иегерлерінің көбі мұғалім мамандығын таңдап жатыр. Болашақта дәл осындай оқушыларымыз мұғалімдердің қатарын толықтырса, нұр үстіне нұр», — деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.



Биыл «Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарағанын айта кеткен жөн. Комиссия құрамына білікті әрі тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Құрылған комиссияның шешімінен кейін ғана оқу озаттарының тізімі бекітілді. Бұл «Алтын белгі» тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.


Жалпы, биыл қазақстандық оқушылар әлемдік зияткерлік байқауларға қатысып, 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге халықаралық аренада өз білімдерін көрсетті. Қазақстан әлемнің 110 елінің арасында бейресми командалық есепте үздік отыздыққа кірді. 1998 жылы Қазақстан 50-ші орында болған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пожар #ДЧС #Алматы #Бостандыкский район #Қазақстан #түлек #алтын белгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика