Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл шаруаларға бұрын-соңды болмаған көмек көрсеті...

Биыл шаруаларға бұрын-соңды болмаған көмек көрсетіледі – Сұлтанов

Әлеумет 20.05.2022, 15:52 1,418
Биыл шаруаларға бұрын-соңды болмаған көмек көрсетіледі – Сұлтанов
Cурет: Ашық дереккөз

Тек өсімдік шаруашылығы бойынша 107,2 млрд теңге бағытталады


Бүгінде еліміздің барлық облысы жаппай егіс науқанына кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Егіс науқанын оңтайлы және қажетті мерзімде өткізу үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қабылданатын болады. Биыл шаруаларға бұрын-соңды болмаған көмек көрсетіледі», - деп түсіндірді АШМ Өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі ұлғайтылды, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
АӨК-ні мемлекеттік қолдауға бөлінген қосымша қаражатты ескере отырып, республикалық бюджетті нақтылау нәтижелері бойынша 449 млрд теңге көзделген.


Тек өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша 107,2 млрд теңге бағытталады, сондай-ақ әлеуметтік нан өндірісінің маңыздылығын ескере отырып, астықты субсидиялау үшін 9,2 млрд  теңге көзделген.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, биыл жалпы егіс алаңы 23 млн гектарды құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 105 мың гектарға көп.
Сондай-ақ биыл 3,6 млн га жемшөп дақылдарының алаңын ұлғайту жоспарланып отыр, бұл көбірек жем-шөп өндіруге және мұқтаж өңірлерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, картоп, күнбағыс, көкөніс, яғни әлеуметтік дақылдар егілетін алқаптар да ұлғайтылды.
Биылғы жылдың өніміне егіс науқанын жүргізу үшін 2,3 млн тонна тұқым себілді, бұл қажеттіліктің 100% көрсетіп отыр. 
Егіс жұмыстары барлық облыстарда жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 2,9 млн  га немесе жоспардан 19% жаздық дақылдар, оның ішінде майлы дақылдар 1,5 млн. га (47,8%), дәндік жүгері – 231,2 мың га (87,2%), көпжылдық шөптер – 309,6 мың га (70,7%), картоп – 133,4 мың га (68%), көкөніс – 128,7 мың га (75,9%) және т. б.


Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүруде. Биыл барлығы 670,0 мың тоннадан астам тыңайтқыш енгізу жоспарланған, қазіргі күні 308,1 мың тонна немесе жоспардың 46% тиелді.
Үкіметтің қолдауының арқасында отандық минералды тыңайтқыштарды өндірушілермен аграрийлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді. Тыңайтқыштар бағасын төмендету бойынша қосымша жұмыстар жалғасып жатыр.


Қазіргі егіс науқанына 144 мың трактор, 4,7 мың жоғары өнімді егіс кешені, 77 мың бірлік астық сепкіш, 221 мың басқа да топырақ өңдеу құралдары қолданылуда 
Егіс жұмыстарын жүргізу үшін 400,2 мың тонна дизель отыны бөлінді (2021 жылы 380,0 мың тонна болған еді). Сондай-ақ, биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру үшін 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді, астықты форвардтық сатып алу шеңберінде 80 млрд теңге көзделген.



«Көктемгі дала жұмыстарын табысты жүргізу мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты және ерекше бақылауында екенін атап өту керек. Осы мақсатта министрлікте көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің барлық проблемалық мәселесін уақтылы шешуге арналған жедел штаб құрылып, аталған бағыттағы жұмыстарға ерекше мән берілген», - деп қорытындылады Азат Сұлтанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шаруалар #қолдау #Егін салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика