AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Биыл Қазақстанда өлім-жітім 28 пайызға төмендеді

Биыл Қазақстанда өлім-жітім 28 пайызға төмендеді

Медицина 02.12.2022, 06:05 1,829
Биыл Қазақстанда өлім-жітім 28 пайызға төмендеді

 Туберкулезден болатын өлім-жітімнің 17 пайызға төмендегені байқалады.


Биыл ана өлімі 3,5 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Халықтың денсаулығын нығайту - Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елімізде биыл ресми статистика бойынша, денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалады. 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты халықтың денсаулығы күрт нашарлаған болатын. Ол тек Қазақстанда ғана емес, барлық дүниежүзінде байқалған үрдіс. Мәселен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биыл 9 айда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 28 пайызға төмендеп отыр», - деді министр.



Оның дерегінше, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің шамамен - 32, обырдан – 9, жарақаттан - 4, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім - 33, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 17 пайызға төмендегені байқалады.



«Биыл ана өлім-жітімі 3,5 есеге төмендеді. Нәресте өлім-жітімінің абсолюттік саны 200-ден астам балаға төмендеп отыр. Ал аурушаңдық қазіргі алдын алу зерттеулерінің арқасында және ковидтің салдарынан бүгінде өсіп отыр. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсаруы халықаралық рейтингтерде де байқалады. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде Қазақстан Республикасы позициясының жақсарғаны байқалады. 2020 жылы 193 елдің ішінде Қазақстан 65-ші орынды иеленді. Ал 2022 жылдың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің мемлекетіміздің рейтингін 6 позицияға көтеріп, 59-орынға дейін жақсартты», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #медицина #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);