Биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квоталары ұлғайтылды

Биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квоталары ұлғайтылды Сурет: Abai.kz

Биыл қандастарға қанша квота бөлінді? 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Атап айтқанда:



  • қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 1925 адамды;

  • қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 6727 адамды құрады.


Айта кетсек, биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квоталары ұлғайтылды. Мәселен, 2022 жылы қандастарды қабылдауға арналған өңірлік квота - 1499 адам, ал қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота - 6587 адам болып белгіленді.


Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 желтоқсанына Қазақстанға 17 888 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47