AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл көп балалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрде...

Биыл көп балалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді

Әлеумет 22.09.2022, 05:02 1,165
Биыл көп балалы отбасыларға 227,4 млрд теңге жәрдемақы төленді
Сурет: 31tv.ru

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.


Жыл басынан бері көп балалы отбасылар 227,4 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 501,2 мың отбасы қамтылды, оның ішінде тамыз айында 501,4 мың отбасына 28,8 млрд теңге жәрдемақы төленді», - деп нақтылады ведомство.



Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.



Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көп балалы отбасылардағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.



Еске салайық, көп балалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #бала #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);