AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Биыл елімізге вакцинаның 18 миллионнан астам дозас...

Биыл елімізге вакцинаның 18 миллионнан астам дозасы жеткізілген

Коронавирус 13.10.2021, 04:33 992
Биыл елімізге вакцинаның 18 миллионнан астам дозасы жеткізілген
Сурет: Bigasia.ru

Қазақстанда бес түрлі вакцина қолжетімді


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2021 жылғы ақпаннан бастап өңірлерге 18,5 млн астам вакцина дозасы жеткізілді, оның ішінде І компонентке 9,4 млн доза және ІІ компонентке 9,1 млн доза вакцина бар. Әзірге республика бойынша бірінші компонентпен 7 884 798 адам егілді, яғни тиісті контингенттің 79,1%-ы қамтылды, екінші компонентпен 6 942 756 адам (69,6%) вакциналанды», - деді Ержан Байтанаев.



Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен халықты коронавирус инфекциясына қарсы иммундау жөніндегі кешенді жоспарды әзірледі және мақұлдады. Ол коронавирусқа қарсы вакциналауды ұйымдастыру, халықаралық тәжірибені зерделеу, профилактикалық екпелерді есепке алуды цифрландыру және халықпен вакцинаның маңызы туралы коммуникациялық жұмысты қамтиды.



«Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы хаттамасымен бекітілген. Бүгінде кешенді жоспардың барлық тармақтары орындалды. Қазіргі таңда КВИ-ға қарсы вакцинамен қамту бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 2-ші және әлемнің барлық елдері арасында 42-ші орында тұр. Қазақстанда 9,9 млн адамға бес түрлі вакцина дозалары қолжетімді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы инфекцияға қарсы жыл соңына дейін халықтың 40%-дан астамын және 2022 жылы 70%-ын вакцинамен қамтуды ұсынады», - дейді Е. Байтанаев.



2021 жылғы 12 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 915 434 адам, 2-ші компонентін 6 983 073 адам салдырды. Сонымен бірге, Қазақстанда 12-17 жастағы балалар мен жүкті әйелдерді вакциналау жұмыстары жоспарлануда. Осыған байланысты министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды.


Қазіргі уақытта республика азаматтарына «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V), «QazVac», «Hayat-Vax», «КоронаВак» және «Синофарм» сынды бес түрлі вакцина қолжетімді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #доза #екпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);