AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицер...

Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Әлеумет 04.02.2026, 14:40 460 yakiya
Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
ҚР Қорғаныс министрлігі

Үкімет қаулысына сәйкес, 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери дайындалған резервті қалыптастыруға бағытталған.

Шақыру авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радио-техникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары секілді ең қажетті әскери есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі.

Денсаулығы жарамды, қажетті әскери есептік мамандығы бар 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылуға жатады, ал медициналық мамандықтар бойынша бұл шек 32 жасқа дейін белгіленген.

Шақырылған офицерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер деңгейінде жүзеге асырылады. Қызмет атқару кезінде олар ақшалай үлеспен, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

 Офицерлер әдетте қызметті әскери есепке тұрған немесе тұрған жері бойынша өтейді. Әскери қызметке қызығушылық танытқан және тұрақты жұмысы жоқ үміткерлерге басымдық беріледі.

Хабарлама алған запастағы офицер дер кезінде жергілікті әскери басқару органына жеке куәлігі мен әскери билетін (бар болса) алып келуі тиіс. Шақырылудан кейінге қалдыру отбасы жағдайлары, білім алу немесе денсаулық жағдайына байланысты шақырылу комиссиясының шешімімен берілуі мүмкін.

Запастағы офицерлерді шақыру жоспарлы түрде жүргізіледі және қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еуропада әріптесіміздің көрмесі өтеді

Бүгін 19:59

Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы

Бүгін 19:23

Алматыда Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды

Бүгін 18:48

Қазақстан мен Қырғызстан Ғылым академиялары дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциумға қол қойды

Бүгін 17:33

Кітап оқитын ұлттың келешегі жарқын

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);