AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл басшылардың халықпен 227 кездесу өткізуі жосп...

Биыл басшылардың халықпен 227 кездесу өткізуі жоспарланған

Әлеумет 09.08.2022, 07:06 1,249
Биыл басшылардың халықпен 227 кездесу өткізуі жоспарланған
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2022 жылға барлығы 227 кездесу өткізу жоспарланған, оның 55-і – бірінші, 172-сі екінші жартыжылдықта өтеді. Жыл басынан маусым айына дейін 45 кездесу өткізілген. Министрлер негізінен Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарына барған. Сонымен қатар Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында кездесулер аз болған. Кездесулерді өткізудің мерзім тәртібін сақтамау фактілерінің болғанын атап өту керек», - деді А. Омаров.



Сонымен қатар, министр тағы бір маңызды мәселе осы кездесулер туралы ақпарат таратуға қатысты болып тұрғанын айтты.



«Ақпараттық мониторинг кездесулердің республикалық және өңірлік телеарналар мен баспасөзде, әлеуметтік желілерде кең жарияланғанын көрсетті. Мемлекеттік органдар өткелі отырған кездесулер туралы анонстарды ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жариялады», - деді ведомство басшысы.



Оның айтуынша, Ақпарат министрлігінде барлық қажетті ресурс бар және әрбір кездесуді жариялауға дайын.



«Тағы бір маңызды мәселе – Жарлық талаптарын сақтау. Халықтан сұрақтарды алдын ала жинау, онлайн трансляция, БАҚ-қа арналған брифинг өткізу, азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен кездесу, проблемалық мәселелер бойынша іс-әрекет жоспарын дайындау. Талдау көрсеткендей, мемлекеттік органдар жалпы Жарлық талаптарын орындаған. Алайда мемлекеттік органдар кездесулердің әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляцияларын және журналистерге арналған брифингілерді әрдайым өткізбейді. Кейбір кездесулердің қорытындылары бойынша Проблемалық мәселелер тізбесі бар іс-әрекет жоспарлары жасалмаған немесе ашық түрде орналастырылмаған», - деді министр.



Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғанын сынады. Үкімет отырысында биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асырылып жатқаны айтылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #кездесу #Үкімет отырысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);