AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл бала тууға және күтіміне арналған жәрдемақыла...

Биыл бала тууға және күтіміне арналған жәрдемақыларды қанша адам алды?

Әлеумет 21.11.2025, 10:46 871
Биыл бала тууға және күтіміне арналған жәрдемақыларды қанша адам алды?
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

2025 жылы Қазақстанда бала тууға және бір жарым жасқа дейін күтім жасауға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды жалпы 508 мың азамат алды. Бұл мақсатқа 692 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 286 мың адамға бала туу бойынша жәрдемақы төленді. Төлемдердің жалпы көлемі 51,7 миллиард теңгені құрады. Тек қазан айының өзінде 28,5 мың азаматқа 5,2 миллиард теңге берілген.

Бұл жәрдемақы Қазақстан азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ туған, асырап алынған немесе қамқорлыққа берілген балалары бар шетелдіктерге тиесілі.

Бір жарым жасқа дейін бала күтімі үшін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтындарға берілетін жәрдемақыны жыл басынан бері 124,7 мың адам алды. Бұл төлемдерге 36,4 миллиард теңге жұмсалған. Қазан айында 126,8 мың алушыға 3,7 миллиард теңге беріледі.

2025 жылы жәрдемақылар мөлшері 6,5 пайызға өсірілді. Есеп айырысу МРП негізінде жүргізіледі. 2025 жылғы МРП — 3 932 теңге.

Бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы:

  • 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 149 416 теңге (38 МРП);
  • 4-ші және кейінгі балаларға — 247 716 теңге (63 МРП).

Бір жарым жасқа дейін күтім жасауға арналған ай сайынғы жәрдемақы:

  • 1-ші балаға — 22 648 теңге;
  • 2-ші балаға — 26 777 теңге;
  • 3-ші балаға — 30 866 теңге;
  • 4-ші және одан кейінгі балаларға — 34 995 теңге.

Жұмыс істейтін ата-аналарға төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізіледі — декреттік демалыс кезеңінде, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алған жағдайда. Жыл басынан бұл төлемді 175,1 мың адам алып, жалпы сомасы 245,3 миллиард теңгені құрады. Қазан айында — 17,8 мың адам, төлем көлемі 17,4 миллиард теңге болды. Орташа төлем мөлшері — 1 457 321 теңге.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға баланың туған күнінен бастап бір жарым жасқа дейін ай сайын табыстың 40 пайызы мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалады. Егіз немесе үшем туған жағдайда төлем әр балаға бөлек есептеледі.

2025 жылдың он айында бұл төлемді 208,2 мың адам рәсімдеп, жалпы сомасы 358,6 миллиард теңгеге жеткен. Қазан айында — 18,8 мың алушы, төлем көлемі 34,5 миллиард теңге болды. Орташа айлық төлем — 86 493 теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);