Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматыда 9 шақырым жылу желісі қайта жаңартыл...

Биыл Алматыда 9 шақырым жылу желісі қайта жаңартылады

Әлеумет 04.08.2021, 17:53 1,549
Биыл Алматыда 9 шақырым жылу желісі қайта жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәліметі бойынша, биылғы жылы 9 шақырым желі қайта жаңартылады, 11 шақырымы жөнделеді, бұл апатты әрі жылу шығынын азайтады.



Алматы телеарнасының тікелей эфирінде инженерлік инфрақұрылымды дамытудың онлайн-презентациясы барысында Бақытжан Сағынтаев қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 1,288 мың шақырым, оның 289,3 шақырым магистральдық желі, 994,9 шақырым тарату желілері екені туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Жылу желісінің 4 шақырымнан астамы иесіз қалған. Жылу беру желілерінің орташа тозуы 62%-ды құрайды. Ыстық су тұрғындардың үйлеріне 71 сорғы стансасы арқылы беріледі.


Қаланың 70%-ы үш жылу көзімен жылытылады, олар: ЖЭО-1,-ЖЭО-2, «АлЭС» АҚ-ның Батыс жылу кешені - «Самұрық-Энерго». Қалғаны 83 жылу көзінен алады, олар: «АТКЕ» ЖШС жергілікті қазандықтары. Алматы қаласының 2020 жылы тұтынған жылу қуаты - 6,3 млн Гкал.


Өткен жылы жылумен жабдықтаудың 16,1 шақырым желісі қайта жаңартылып, жөнделді. Нәтижесінде 45,1 мың тұтынушы үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтылды, ал жылу желілерінің тозуы 1,2%-ға төмендеді.


Биыл қаланың төрт ауданында 9 шақырымдық жылу беру желілерін қайта құру жоспарлануда. Алатау ауданында Райымбек даңғылынан Бартоғой көшесіне дейінгі 3,2 км учаскелердегі желілер қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының солтүстігінен Өскемен көшесі бойымен Беломорский,Фадеев көшелеріндегі желілер жаңарады. Алмалы ауданында Розыбакиев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі 2,6 шақырым желі, Бостандықта – көше бойымен 1,8 км. Розыбакиев көшесі бойымен Ходжанов және Байқадамов көшелері арасындағы 1,8 шақырым желі конструкцияланады.



Медеу ауданында – көшедегі 1,3 км Кармысов көшесі мен Бөгенбай батыр көшесінің, Шевцов көшесінің арасындағы, Уәлиханов көшесі бойымен Маметова және Әлімжанов көшелері арасындағы жылу желілері жөнделеді.



Сондай-ақ, 11 шақырым желі жөнделеді, 1,2 мың вентиль және 12 қазандық қондырғы ауыстырылады, 5 сорғы станциясы реконструкцияланады.


Өткен жылдың мамырында «Оңтүстік аудандық қазандықты» қайта құру Бостандық ауданындағы жылу энергиясының тапшылығын жаба бастады. Қайта құру қазандықтың қуатын 55 Гкал/сағатқа дейін арттырады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.



«Премьера» қазандығын жөндеу және кеңейту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл Наурызбай ауданындағы жылу жүктемесінің қуатын 100 Гкал/сағатқа арттырады. Сонымен қатар Шұғыла шағынауданындағы 28 мың пәтерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 



Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы жылу жүктемелерін жабу үшін «Вокзал» қазандығын қайта құру жоспарлануда. Бұл оның қуатын 15,12 Гкал/сағатқа дейін арттырады және Сортировочная, Белградский, Земнухов, Сауранбаев, Чехов көшелерінің 4 мың тұрғынын жылумен қамтитын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сағынтаев #Жылу желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика