Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1 мың ж...

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1 мың жас баспаналы болады

Әлеумет 16.05.2022, 11:08 986
Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1 мың жас баспаналы болады
Сурет: Ecotonkosti.ru

Жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру үшін өтініш пен құжат қабылданады.


Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1000 пәтер қолданысқа беріледі. Бұған 18 млрд теңге қаралған. Бұл туралы брифинг барысында қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 18 мамыр мен 1 маусым аралығында арнайы құрылған «Алматы жастары» сайтында жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру үшін өтініш пен құжат қабылданады.


Сайтта өтініштер мен құжаттарды беру электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.


Ұпайларды автоматты түрде есептеу үшін электронды калькулятор енгізілген. Сонымен қатар сайттағы жеке кабинет арқылы берілген өтініштердің мәртебесін өз бетінше қарау мүмкіндігі бар.



«1 маусым сағат 23:59-да өтініш қабылдау толық аяқталады және 2 мауысымнан бастап бүкіл өтініштер жүктеледі. Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтініштердің бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріліп, әр санатта жиналған балл санымен тізім құралады»,-деді Ермек Әміров.



Аталған бағдарламаның бюджеті 18 млрд теңге. Берілетін қарыздың ең жоғарғы шегі - 18 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшері 5%, бастапқы жарнасы - 10 пайыз.


Бұл бағдарламамен бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады. Биыл аталған бағдарламамен 1000 адамды қамту жоспарланған. 


Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі пайызбен берілетін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы 2020 жылы басталған.


Өтініш бере алатын азаматтар санатына Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемеде еңбек ететіндер, дәрігерлер мен мейірбикелер, педагогтар мен тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар, ЖОО оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары: журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық), өндірістік салада еңбек ететіндер кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үй #бағдарлама #жастар #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика