ffin.kz

Бірыңғай платформа Мемлекеттік сатып алуларды жеңілдете ме?

Бірыңғай платформа Мемлекеттік сатып алуларды жеңілдете ме? Сурет: Gov.kz

Сенат «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңды және оған ілеспе 2 құжатты мақұлдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Сенаттың қарауына Мемлекеттiк сатып алу туралы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар ұсынылып отыр. Мемлекеттік сатып алу туралы заң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, шамадан тыс регламенттеуді болдырмауға, сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыруға және оңайлатуға, сатып алу бойынша бірыңғай платформа құруға бағытталған», — деді заң жобалары туралы баяндама жасаған сенатор Әлібек Нәутиев.

Оның атап өтуінше, заңда мына мәселелер қарастырылған:

— сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және оларды қарау мерзімін қысқарту;
— шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекітетін тәртіппен және көлемдерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асады;
— бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарт жасасу мүмкіндігі;
— мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, мекемеге, жарғылық капиталына қатысуға байланысты аффилиирленген компаниялардың және тұлғалардың сатып алуға қатысуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту.

«Сондай-ақ, объектіні жобалау, салу және пайдалануға беруден бастап сол жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бір жеткізушінің жауапкершілігін белгілей отырып, толық дайын түрінде берілетін құрылыс туралы шартын, яғни кешенді толық дайын түрінде берілетін құрылысты жасасу көзделеді. Шағын сатып алуды жедел жүзеге асыру үшін бір көзден 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді 4 000 айлық есептік көрсеткішке дейін сатып алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, заңда міндеттемелерді тиісінше орындау мақсатында өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар (қызметтер) көлемін 50-ден 30 пайызға дейін қысқарту көзделген. Бұл ретте қосалқы мердігерлерге орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің көлемін өзге қосалқы мердігердің беруіне тыйым салынады», — деді сенатор.

Оның атап өтуінше, ілеспе заңда «Мемлекеттік сатып алу туралы» негізгі заңға сәйкес келтіруге, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болдырмауға бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және Қазақстан Республикасының 17 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Атап айтқанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қарау және шағымдану мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі және тағы басқалары көзделеді.

«Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен сотқа жүгінбегені немесе уақтылы жүгінбегені үшін тапсырыс берушінің жауапкершілігін көздейтін түзетулер енгізіледі», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39