AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірқатар өңірде күн суытады

Бірқатар өңірде күн суытады

Әлеумет 03.10.2024, 08:02 1,253
Бірқатар өңірде күн суытады
интернет

Қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктер 3 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын болжайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың солтүстігі мен солтүстік-батысында ғана жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі, республикамыздың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, оңтүстік-шығыс өңірдегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады... Қазақстан бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі", деп болжанады.

Синоптиктер болжамынша, Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе өңірінің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс-Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары болады.

"Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Қостанай өңірлерінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.

Бұған дейін 2024 жылдың 3 қазан мен 5 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы күтілетіні, ал солтүстік және шығыс өңірлерде сынап бағаны 8 градус суықты көрсететіні, үсік жүретіні болжанған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#синоптик #ауа райы #суық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Air Astana Наурыз мейрамын жаңа борттық мәзірмен және мерекелік жаңалықтармен қарсы алады

Бүгін 13:16

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02

Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?

Бүгін 10:02

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика