Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жасалды

Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жасалды

Мұны білген жөн 16.01.2026, 08:45 250
Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жасалды
Сурет: istockphoto.com

Қазақстанның 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігін қалың тұман басады. Өңірдің оңтүстік-батысы, шығысы мен орталығында солтүстік-батыс және солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, екпіні 25 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде аяз 40 градусқа дейін күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында боран күшейеді. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 15–20 метрге дейін барады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыс және шығыс бағыттағы жел 15–20 м/с-қа дейін үдейді.

Қонаев қаласында күн құбылып, кей уақытта жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күшейеді, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Ақтауда жол беті көктайғаққа айналады.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Түркістан қаласында жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ және боран болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкентте жауын-шашын молаяды, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын жол қозғалысын қиындатады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, боран және көктайғақ болса, орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс және солтүстік-шығыс бағытта соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында да мезгіл-мезгіл тұман басады.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде қар мен боран күшейіп, көктайғақ болады. Шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Желдің екпіні кей аумақтарда секундына 23–28 метрге дейін барады. Жезқазғанда да жел 15–20 м/с-қа дейін үдейді.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күшейеді. Жел кей уақытта 28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында түнгі аяз 35–38 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз боран соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында қар жауып, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын күшейеді. Желдің екпіні кей мезетте 23 м/с-қа дейін барады. Ақтөбеде де жел қатаяды.

Атырау облысында қар мен көктайғақ қатар жүреді. Солтүстік және шығыс бөліктерінде боран, ал батысы мен оңтүстігінде тұман қалыңдайды. Атырау қаласында да тұман мен көктайғақ жол үстінде сақтықты талап етеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаяу бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік пен оңтүстікте жел күшейіп, түнде солтүстік және шығыс бөліктерінде аяз 42 градусқа дейін барады. Өскемен қаласын да тұман басады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #синоптиктер #Синоптиктер болжамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Бүгін 22:01

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Бүгін 21:53

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 19:12

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Бүгін 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі