конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірнеше отбасы Түркияда оқып жатқан балаларын ізде...

Бірнеше отбасы Түркияда оқып жатқан балаларын іздеп, бізге жүгінді - СІМ

Әлеумет 07.02.2023, 13:00 1,429 Almaty-akshamy
Бірнеше отбасы Түркияда оқып жатқан балаларын іздеп, бізге жүгінді - СІМ
Сурет: Ашық дереккөз

Түркияға ұшып шықпауға кеңес берілді


Кейінгі тәулік ішінде Түркияда балалары оқып жатқан бірнеше қазақстандық отбасы Сыртқы істер министрлігіне жүгінген. Бұл жайында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кейінгі тәулік ішінде бірнеше отбасы Түркияда оқып жатқан балаларын іздеп жүгінді. Қазір ол ақпараттың бәрі тексеріліп жатыр. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Өйткені, білесіздер, гуманитарлық апат болған кезде жергілікті билікпен байланыс орнату бойынша кейбір қиындықтар туындайды. Жалпы, түрік билігі біздің азаматтар бар болса немесе жоқ болса, ол туралы дереу хабарлайды. Түрік билігімен жақсы байланыс орнатылған», - деді Айбек Смадияров.



Сондай-ақ, ол қазақстандықтарға Түркиядағы туыстарын іздеп, ол елге ұшып шықпауға кеңес берді.



«Егер азаматтарымыз Түркиядағы туыстарын өз бетімен іздеу үшін шыққысы келсе, олай істеудің қажеті жоқ. Өйткені, Ыстамбұл қаласының әуежайындағы жағдайды видеодан көрдік. Мыңдаған адам ұшып шығуға дайын жүр. Бірақ, алғашқы кезеңде ол жақта бір жерден бірдеңе табу қиын болады. Мамандар осы мәселемен айналысып жатқандықтан, күту керек. Тіпті, олар қираған орындарға жіберілмеуі де мүмкін. Өйткені, олардың тиісті біліктілігі жоқ», - деді СІМ ресми өкілі.



Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2 921 адам екені хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, апатан зардап шеккендер саны 3 419-ға жеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #іздеу #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37

Жас белсенділер әділетті Қазақстан құру бағытын қолдады

Бүгін 14:30

Алматының жас ғалымдары конституциялық реформаларды қолдады

Бүгін 14:27

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:24

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді

Бүгін 14:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);