Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірегей тұлға дәріптелді

Бірегей тұлға дәріптелді

Әлеумет 09.12.2022, 13:01 1,072
Бірегей тұлға дәріптелді
Сурет: Ашық дереккөз

Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына - 70 жыл


 Алаштың біртуар азаматы, жампоз журналист Нұртілеу Иманғалиұлын білмейтін жан кемде-кем. Ақпарат саласының қара нарына айналған бірегей тұлға көзі тірісінде ел руханиятына сүбелі үлес қосып, қазақ тележурналистикасының қалыптасуына бар қажыр-қайратын жұмсады. Терсіңді еңбек, телегей тер шүмектетіп еңбек еткен ол мұхит бауырынан маржан сүзгендей мыңжылдықтардан бергі құндылықтарды журналистік қарымы мен дарынына ұштастырып, ұлт перзентіне айналды.
 
Ғасыр қалыптастырған, жылдар сомдаған тұғырлы тұлғалар сапынан осылайша ойып орын, теуіп тұғыр сайлаған Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Бай-қуатты болайық!» көрмесі ұйымдастырылды. 
Арқа төсіндегі ажарлы Астанамыздан бастау алған игілікті шараның жалғасы Семей, Шымкент, Атырау, Ақтауда өткен болатын. Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде жыл бойы өткен көрменің қорытындысы ретінде ұйымдастырылған шара шымылдығын Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев құттықтау сөзбен ашты. 



– Нұртілеу ағамыз журналистика саласында лайықты орны бар, өзіндік сүрлеу-соқпағын қалыптастырған кәнігі маман болатын. Оның есімі ел арасында айтылса болды, қалың жұртшылық Нұртілеу Иманғалиұлының өзі жүргізген телевизиялық туындыларын «Бай-қуатты болайық!» деп аяқтайтынын бірден еске алып жатады. Оған да негіз бар. Себебі,  болмыс-бітімі осы ұғыммен әбден астасып тұратындай еді. «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» секілді авторлық хабарлары көрерменнің үзбей көретін бағдарламаларына айналды. Сол арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, алғысын арқалады. Өмірінің соңына дейін қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеп, журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосты десем, артық айтқандық емес, – деген аймақ басшысы өз кезегінде әріптес болып қызмет еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісті.  



Жампоз журналистің адамгершілік қасиетін, парасаты мен биік ұстанымын әңгімеге арқау етті. Сонымен қатар, Нұртілеу Иманғалиұлының зайыбы Қарлығаш Советбекқызы мен көрмені ұйымдастыруға атсалысқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиевке алғыс хат табыс етіп, иығына зерлі шапан жапты.



Өз кезегінде сөз алған Атырау облысының Құрметті азаматы Амантай Берғалиев, тұлғаның зайыбы Қарлығаш Советбекқызы, «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбаев, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қабанбай батыр» қорының төрағасы Камал Абдрахмановтар сөз сөйлеп, бірегей тұлғаның ғибратты ғұмырынан сыр шертті. Ал жетісулық ақын Зирагүл Нұрданбекқызы кемел ойлы журналистке арнаған өлеңін оқыды. 


Жетісу облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен және М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының бастамасымен өткен бұл көшпелі көрмеге барлығы 200 экспонат қойылған. Нұртілеу Иманғалиұлының көзі тірісінде пайдаланған жеке заттары, жұмыс құралдары, спортта жеткен жетістіктері, қызметтік куәліктері, кітап, сағаттары сынды жеке заттары көрермен назарына ұсынылды. 


Айта кетсек, аталмыш көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 7–30 желтоқсан аралығында тамашалай алады. Сонымен қатар, тұлғаның есімін туған жерінде мәңгілік қалдыру мақсатында келесі жылдан бастап игілікті істер қолға алынбақ. Алдымен майталман журналистің өмірі мен шығармашылығы туралы толымды кітап жоспарда тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұртілеу Иманғалиұлы #еске алу #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика