конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір топ орманшылар марапатталды

Бір топ орманшылар марапатталды

Әлеумет 20.10.2024, 12:29 1,743 Nursok82
Бір топ орманшылар марапатталды
ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Кәсіби мереке – орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сала ардагерлеріне және орман саласының үздік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Министр атап өткендей, еліміздің табиғаты мен экожүйелерін сақтауда орманшылардың үлесі зор. Олар ормандарды қорғап, қалпына келтіріп қана қоймай, биоалуантүрлілікті сақтап, болашақ ұрпаққа таза ауа мен дені сау табиғи орта қалдыруға күш салып келеді.

Орман шаруашылығындағы жұмыс үлкен күш-жігерді, батылдық пен жанқиярлықты талап етеді. Орманшылардың арқасында ормандарымыз әлі де әсемдігімен, тіршілік күш-қуатымен қуанта береді.

Мінсіз еңбегі мен мамандыққа деген адалдығы үшін, Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалімен Мұратбек Молдашұлы Мужубаев, Нұржан Тілеужанұлы Ысқақ, Ережеп Ертайұлы Жанатаев марапатталды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен Мұнайтбас Әлшериев, Мақсат Барлыбайұлы Жұмабеков, Самат Абдоллаұлы Мұртазин, Асхат Сейітұлы Кертешев, Махамет Қырғызханұлы Ноғайбаев, Аркадий Маркович Родионов, Виктор Андреевич Грибов және Болат Сламбайұлы Чежимбаев марапатталды.

Шараның соңында Министр, бұл мереке орман шаруашылығымен айналысатын адамдар еңбегінің маңыздылығын және олардың елдің орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтуге арналғанын атап өтіп, жиналғандарға жұмыста табыспен құт-береке тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орманшы #кәсіби мереке #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);