AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бір күнде төрт медаль: алматылық спортшылар Азия П...

Бір күнде төрт медаль: алматылық спортшылар Азия Пара ойындарындағы жүлде қорын толықтырды

Спорт Бүгін 16:53 39
Бір күнде төрт медаль: алматылық спортшылар Азия Пара ойындарындағы жүлде қорын толықтырды

Алматылық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында табысты өнер көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кеше паравелоспорттан күміс және қола медаль жеңіп алған алматылықтар бүгін тағы екі алтын және екі күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

21 қазанда әйелдер арасындағы уақытқа жеке жарыста Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 32 минут 21,54 секунд нәтиже көрсетіп, Азия Пара ойындарының чемпиондары атанды.

Ерлер арасында В санатында 20 шақырым қашықтыққа уақытқа жеке жарыста Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев алтын медаль жеңіп алды. Олар қашықтықты 34 минут 09,17 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті.

Осы жарыс түрінде Кирилл Ильюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский 35 минут 26,64 секунд нәтижемен мәреге жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Бір күн бұрын алматылық велоспортшылар да жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Тректегі 4000 метрлік жарыста Анастасия Калаус пен Полина Братчикова күміс, ал Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский қола медаль жеңіп алды. Осылайша, бүгін екі жұп та осы ойындардағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медальді алматылық Жанбота Аманжол салды. Ол парадзюдодан J2 санатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алды. 2023 жылы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері осымен екінші рет қатарынан осы жарыстың жеңіс тұғырына көтерілді.

V Азия Пара ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр және 24 қазанға дейін жалғасады. Жарыста Алматының намысын спорттың алты түрінен 20 спортшы қорғап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Басты мақсатым 9.0 емес еді»: алматылық студент IELTS-тен ең жоғары балл алды

Бүгін 17:41

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолы учаскесінің ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін 16:31

Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Бүгін 16:11

Тәртіп пен тазалық – ұлттық идеологияның алтын діңгегі

Бүгін 15:59

Ешкіөлмес бөктерінен жеткен жылу

Бүгін 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);