AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық...

Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Алматы Бүгін 16:11 41
Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Алматының Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында жалпы ұзындығы 80,3 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба жүзеге асқан соң 6 500-ге жуық тұрғын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді тарту жұмыстары толық аяқталды. Енді абоненттік қосылымдар жасалып, асфальт жабыны қалпына келтіріліп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын, соның ішінде жол жабынын қалпына келтіруді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Медеу ауданында бұған дейін «Таулы Қырат», «Кіші станица» және «Атырау» шағынаудандарында да сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу мен дамыту жобалары жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Таулы Қырат» шағынауданында 4 200 тұрғынды қамтитын 38,1 шақырым инженерлік желі, «Кіші станицада» 4 200 тұрғынға арналған 21,4 шақырым желі, ал «Атырау» шағынауданында 3 100 тұрғынды қамтитын 29,6 шақырым желі тартылды. Қазір Тау Самалы шағынауданында 80,3 шақырым инженерлік желі салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Төрт жоба аясында салынатын инженерлік желілердің жалпы ұзындығы 169,4 шақырым. Оның ішінде 78,4 шақырымы – сумен жабдықтау, 91 шақырымы су бұру желілеріне тиесілі.

Жобалар толық жүзеге асқанда Медеу ауданының 18 мыңға жуық тұрғыны инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бір күнде төрт медаль: алматылық спортшылар Азия Пара ойындарындағы жүлде қорын толықтырды

Бүгін 16:53

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолы учаскесінің ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін 16:31

Тәртіп пен тазалық – ұлттық идеологияның алтын діңгегі

Бүгін 15:59

Ешкіөлмес бөктерінен жеткен жылу

Бүгін 15:20

Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);