AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір миллионға жуық бала кедей отбасында тәрбиелені...

Бір миллионға жуық бала кедей отбасында тәрбиеленіп жатыр

Әлеумет 14.09.2023, 06:41 1,171
Бір миллионға жуық бала кедей отбасында тәрбиеленіп жатыр
Сурет: Massaget.kz

Мәжіліс депутаты елдегі үш басты мәселені атады.


Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы елдің көкейіндегі әлеуметтік мәселерді статистикалық деректерді келтіре отырып, бірнеше депутаттық сауал жолдады. Бұл сауалдарын ол сала министріне жолдады.


Бұл туралы депутат өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Депутаттың келтірген деректеріне сай елімізде жұмыссыз жастардың саны - 80 мың, NEET жастарының саны 422 мың, өздерін жұмыспен қамтығандардың саны 408 мың. 

Бұндай цифларды ол депуттаттық сауал жолдар кезде алғанын айтты. 



«Бірақ NEET жастарының өзіндік жұмысқа құлқы жоқ деп айтылады, жұмыссыз жастар түсінікті, өз-өзін жұмыспен қамтыған дегенге де күмән бар. Өйткені, ол такси жүргізушілері, Glovo және басқа секілді қарапайым күнделікті табыс тауып жүрген азаматтар. Осыған сүйенсек, біздің елдегі 900 мыңнан астам жас азамат жұмыссыз деген дерекке келуге болады», - деді Нартай Аралбайұлы.



Сонымен бірге Мәжіліс депутаты жыл сайын түйісетін үш проблемаға тоқталды.



«Оқу жылы келсе, мектеп таппаймыз, жоғары оқу орындарына келсек, жатақхана таппаймыз, ал оқу орнын бітіріп шыққан жастарға жұмыс таппаймыз. Бұл да болса, болжамдаудың жоқ екенін білдіреді», - деді депутат. 






«Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова депутаттардың алдына келді. Нақты сауалдар қойдым:





1. Жастар арасындағы жұмыссыздық. Өтірік статистика мен желге ұшқан бюджет қаржысы.

2. Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратын азаматтарымызға еңбек визасын беру.

3. Елдегі кедейшілік. Кедей отбасындағы балалардың жағдайы.

4. Негізсіз миллиондаған бонус алатын квазимемлекеттік компания басшылары мен жалақыға жарымай отыған жұртым туралы», - деп жазған Мәжіліс депутаты. 





Депутаттың сөзінше, аталған мәселелерге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қайтадан келіп есеп береді.



«Барлық сұраққа жауап береді жуырда. Жариялаймын. Бұл проблемаларды бұлай қалдырмаймыз»! - деді депутат. 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #мәселе #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр

Бүгін 17:00

Оқушылар Алматы академиясының музейіне экскурсия жасады

Бүгін 16:47

Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады

Бүгін 16:35

Демікпеге шалдыққандарға тегін ингалятор беріледі

Бүгін 16:21

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);