AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Бір кітаптың ізімен»

«Бір кітаптың ізімен»

Мәдениет 05.03.2025, 16:40 1,004
«Бір кітаптың ізімен»
Сурет: автор

№92 лицейде «Бір кітаптың ізімен» атты  жоба  қолға алынды.

Бұл жобаның мақсаты оқушыларға   кітап оқыту арқылы рухани жан дүниесін оятып, білімдерін молайтып, рухани қазына- кітап әлеміне шолу және оларды арман биігіне самғатып, ақыл-ой сұлулық әлеміне бойлату болып отыр.

Әр сыныпқа ай сайын қазақ әдебиетінің бай мұрасынан ерекше орын алатын жазушылардың шығармаларынан бір кітап таңдалып,  оқушылар сол кітапты оқып, оның мазмұнын түсініп, шығармашылық тапсырмалар орындайды.  Мәселен, осы айда  5- сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесін, 6-сынып оқушылары Сайын Мұратбековтің «Кәментоғай» әңгімесін,  7-сынып оқушылары  Саят Қамшыгердің «Тастамашы, Ана!» әңгімесін,  8-сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» романын, 9-сынып оқушылары Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін, 10-сынып оқушылары Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын,  11-сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясын оқып шықты.    Сонымен қатар, айдың соңында оқушылар  қорытынды тапсырмаларды орындады. Соның бірі дәлелі- «Ақбілек» романының желісі аясында 10-сыныптар арасында  «Үздік сахналық қойылым» ұйымдастырылды.

Жүсіпбек Аймауытов бұл туындысында сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті, қазақ әйелінің ауыр тағдырын және адам рухының мықтылығын көрсетті. Ақбілек – қиындыққа тап болса да, мойымаған, әділеттілік үшін күрескен қайсар қыз.  Роман  тағдырдың тәлкегіне қарамастан, рухани тазару мен алға ұмтылудың маңыздылығын үйретеді. Бұл шығарма тек өткен дәуірдің бейнесі емес, қазіргі заман үшін де өзекті. Бұл қойылымнан әркім  өзіне сабақ алғаны анық.         Аталмыш шараға 10 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сынып  қатысты. Қойылым лицей директоры  Кульжан Сауытқызының құтықтауымен басталды.   Оқушылар бұл қойылымды сахналау барысында өз қызығушылықтарын танытып, романды толықтай оқығандарын дәлелдеді. Әр сынып өз қалаулары бойынша оқыған шығарманың үзінділерін шеберлікпен сомдап шықты. Сахнаның безендірілуі және сахна мәдениеті талапқа сай болғанын баса айтқан жөн.  Әділқазылар алқасы оқушыларды бағалау оңайға  түспегенін айтып,  әрбір сыныптың ерекшеліктеріне тоқталды.   Үздік өнер көрсеткен оқушылар  түрлі  номинациялармен  марапаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бір кітаптың ізімен #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);