Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір жылда 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас м...

Бір жылда 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Әлеумет 24.12.2024, 20:25 860
Бір жылда 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Сурет: Gov.kz

2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146,4 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,4% – Қытайдан, 38,9% – Өзбекстаннан, 6% – Моңғолиядан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,7% – Ресей мен 1,3% басқа елдерден келген.

Былтыр пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске қосылған. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге келу, жұмыс орнын табу, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешу мен республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 22 666 өтініш қабылданған.

Жалпы қоныс аударушылар қай өңірге барып жатыр ж"не қандай жағдай жасалуда? 

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды, соның ішінде еңбек күші тапшы өңірлер бар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аталмыш өңірлерге 2 961 қандас қоныс аударған.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: - бір мезгілде отағасы мен отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде қаражат; - тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде қаражат.

Жыл басынан бері 2 624 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген, соның ішінде 794 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #Этникалық қазақ #елге оралу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика