конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және...

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Әлеумет Бүгін 17:02 32 yakiya
Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады
Алматы әкімдігі

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды.

Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады. Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%), Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістан қалаларында (әрқайсысында -0,2%), Алматы қаласында (-0,1%) төмендеді. Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір килограмына 549 теңгені құрады. Ең төмен баға Атырау қаласында тіркелді – бір килограмы 365 теңге.

Қазақстан бойынша тазартылған күріштің орташа бағасы бір килограмына 533 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылордада - 456 теңге және Алматыда - 478 теңге деңгейінде тіркелді.

Ел бойынша ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы бір килограмына 196 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында  – бір килограмы 136 теңге.Республика бойынша І санаттағы жұмыртқаның (10 дана) орташа бағасы 563 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылорда (460 теңге) және Ақтөбеде (484 теңге) байқалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

Бүгін 16:58

Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін алты жолақты жаңа магистраль салынады

Бүгін 15:15

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

Бүгін 15:13

Алматыда 1989 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыруға байланысты Снегин көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);