Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір айдың ішінде Қазақстан банктерінің несие портф...

Бір айдың ішінде Қазақстан банктерінің несие портфелі 154 миллиард теңгеге азайды

Әлеумет 17.03.2022, 06:29 1,369
Бір айдың ішінде Қазақстан банктерінің несие портфелі 154 миллиард теңгеге азайды
Сурет:GP.by

Несие беруші үздік 10 банктің ішінде тек екінші деңгейлі 3 банкте ғана оң нәтиже бар.


Қазақстандық банктер жылдың басынан бастап несие портфелін төмендете бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қаңтар оқиғасынан кейін ҚР екінші деңгейлі банктері несиелерінің жалпы көлемі 0,8%-ға азайды, яғни бірден 154,5 млрд теңгеге дейін, 20,05 триллион теңгеге дейін төмендеді. ҚР 22 екінші деңгейлі банктің ішінде тек 8 банкте ғана ілгерілеу бар, ал алғашқы ондықтың арасынан тек 3 банк қана оң нәтиже көрсетті.


Жалпы, құлдырау аясында елдегі ең ірі несие берушілер арасындағы ай сайынғы өсімнің ең жақсы көрсеткіші "Отбасы банкіне" тиесілі: қаңтар айында 5,5%, яғни 2,2 триллионға дейін өскен. Қаңтар оқиғасы тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін қаржы институтының несие көлемін арттыруына кедергі бола алған жоқ, мұндағы көрсеткіш бірден 114,9 млрд-қа жетті. Бұл банктің несие секторындағы абсолютті көшбасшылық болды.



Бір қызығы, "Отбасы банк" жылдық өсім бойынша да алғашқы үздік үштікке  кіреді, яғни жыл сайынғы өсу бойынша - 2021 жылдың қаңтарына дейін 56,4%-ға артқан. Шын мәнінде, бұл ел экономикасындағы дағдарыстық жағдайларға қарамастан, банктік несиелік өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.


Қаңтар айында алдыңғы қатарда тұрған екінші деңгейлі банктер ішінде "Отбасы банкімен" қатар Ресейдің еншілес банкі "Сбербанк" (3,9% немесе 103,3 млрд. тг, айына, 2,7 триллионға дейін), "Еуразиялық банк" ( 0,7% немесе 5,1 млрд. тг, айына, 725,9 млрд. тг-ге дейінгі өсім) бар. Екі банктің де жылдық көрсеткіш бойынша динамикасы айтарлықтай, "Сбербанк" - 54,4%, "Еуразиялық банк" - 21,5%.



"Отбасы банкінің" несиелік танымалдылығы арта түсетіні сөзсіз. Көптеген қазақстандықтар үшін мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген тұрғын үй заемдары ипотека алудың және жеке баспанаға қол жеткізудің жалғыз тәсілі болып отыр.


Негізінде, бұл банктегі несиелік мөлшерлемені жеделдетуге халықтың баспана жағдайын тезірек жақсартуға ұмтылуына жинақталған зейнетақы қаражаттарын алу мүмкіндігі себеп болды. Алайда, осы мүмкіндікті пайдаланғысы келетіндер мүмкіндігінше тезірек қол жетімді шарттармен несие алу керек. Себебі зейнетақы жинағының шектік мөлшері ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап екі есеге артады.


Жеткіліктің шегінің өсуі жастарға қатты сезіледі. Сонымен, 20-23 жас аралығындағы қазақстандықтар үшін ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жеткіліктің шегінің көрсеткіші 80% -дан асады. 24-тен 38 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін индикатордың өсуі 70% -дан 80% -ға дейін болады.


Қосымша мәліметтер төменде келтірілген.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #отбасы #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика