Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп ке...

«Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек»

Әлеумет 08.09.2021, 05:01 2,359
«Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек»
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданы М.Ганди атындағы мамандандырылған №92 лицейде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылады.


Жолдауда еліміздің таяу уақытта іске асырылуы керек істері мен еліміздің даму бағыты айқындалды. Лицей мұғалімдері Жолдаудағы Елбасы ұсынған «Ұлт жоспарын және Бес институттық реформа толыққанды жүзеге асыруға өздерінің оң пікірлерін білдіріп, қолдау көрсетуде. Мектеп ұжымы жолдаудың бесінші «Қолжетімді әрі сапалы білім» бөліміне ерекше назар аударды. Бұл бөлімде Мемлекет басшысы білім саласына қатысты түйткілді мәселелерге кеңінен тоқталған. Жолдауды талдау барысында Мемлекет басшысының білім саласына қатысты көтерген мәселелері кеңінен сараланып, мұғалімдер тарапынан ұсыныс-пікірлер білдірілді.


Жолдауда Мемлекет басшысы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзін негізге алды: «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарастың бүгінгі күні өте маңызды екендігін айтып, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан қоғамының үлкен жетістіктерге жету жолындағы қадамдарын жіктеп көрсетті.


Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.


Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.


Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.


Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.


Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.


Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқып­тылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қа­­­зақты дәл осындай кейіпте көргіміз ке­­ле­ді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мем­­ле­­кет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.


Білімді жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ұстаздардың еңбегі ұшаң-теңіз. Лицей мұғалімдері Жолдауды талдау барысында Мемлекет басшысы айтқандай, «терең білімді ұрпақты» тәрбиелеу мен білім берудің мемлекеттің болашағы үшін үлкен маңыздылығын тереңінен түйсінді. Білімді ұрпақ - ұлт болашағының жарқын кепілі. Еліміздің жарқын болашағына бағыт алған Жолдауда көрсетілген тұжырымдамаларды іске асыру - бәріміздің ортақ міндетіміз.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #мұғалімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Кеше 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі