Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / BilimClass отандық платформасының басты артықшылық...

BilimClass отандық платформасының басты артықшылықтары қандай?

Білім және ғылым 12.01.2026, 11:43 441
BilimClass отандық платформасының басты артықшылықтары қандай?
Алматы әкімдігі

Бір апта бұрын Алматы қаласының Білім басқармасы қалалық мектептердің BilimClass тегін электрон  журналына өтетінін хабарлаған еді. 2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан платформа қалалық мемлекеттік мектептерде жұмыс істей бастады. Редакция қазір Қазақстанның 11 өңірінде жұмыс істеп тұрған платформаның тарихы мен басты артықшылықтарын зерделеп көрді. 

Білім беруді цифрландыруға арналған отандық шешім

BilimClass электрон журнал ретінде 2022 жылы іске қосылды. Алайда платформаны жасақтауға пандемия кезі тікелей әсер еткен. 2020 жылы ел мектептері қашықтан оқу форматына көшуіне байланысты жедел цифрлық шешімдер қажет болды. Осы кезде білім беру саласында цифрлық өнімдер жасайтын Bilim Group тобы OnlineMektep платформасын жасап, қазақстандық оқушыларға арналған видеосабақтар мен тапсырмалар ұсынды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң, цифрлық құралдардың тек төтенше жағдайда емес, оқу процесін оңтайландыру үшін қажет екені анықталған. Осылайша Bilim Group командасы мектептерге арналған түрлі құралды біріктіретін BilimClass жүйесін әзірлеп шыққан.

Платформаның аудиториясы қандай?

Бүгінде BilimClass жүйесін Қазақстанның 11 өңіріндегі 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланып отыр. Атап айтқанда, платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданыста. Ал жүйеге қосылған мектептердің жалпы саны 5000-ға жуық. 

Деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін отандық өнім

BilimClass ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарына толық сәйкес келеді. Платформа ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің сертификаттауынан өткен. Әзірлеушілерлің пікіріне сәйкес, жүйе үшін басты басымдық — ақпараттық қауіпсіздік, сондықтан BilimClass пайдаланушылар деректерінің құпиялығы мен сенімді түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

Алматы мектептеріне енгізу процесі

Білім басқармасының деректеріне сәйкес, платформаны Алматы қаласының мектептеріне енгізу туралы шешім қабылданбас бұрын ол 15 мектепте пилоттық апробациядан өткен. Соның нәтижесінде BilimClass жүйесі барлық қажетті талаптарға сай екенін көрсеткен. Платформаға көшу жұмыстары оқу процесіне әсер етпеу үшін қысқы каникул кезінде жүзеге асты, ал мұғалімдер BilimClass-пен жұмыс істеу бойынша тегін оқудан өтті.

Мектептерге, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған мүмкіндіктер

Ата-аналар мен оқушылар BilimClass мобильді қосымшасын тегін пайдаланып, сабақ кестесін, үлгерімі мен үй тапсырмаларын бақылай алады. Журнал мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және аналитика құралдарын да ұсынады. Сонымен қатар мектептер ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін iTest онлайн-тренажері, бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі iMektep видеосабақтар платформасы, сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі цифрлық білім беру контент қоры саналатын BilimLand өнімі тегін қолдана алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#BilimClass #электрон журнал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі