Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім мазмұнын сараптау республикалық орталығының...

Білім мазмұнын сараптау республикалық орталығының директоры ауысты

Білім және ғылым 26.07.2023, 03:33 1,040
Білім мазмұнын сараптау республикалық орталығының директоры ауысты
Сурет: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Әбдірахманова Нәзира Қабдоллақызы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Назира Әбдірахманова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.


Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысында педагог болып бастап, 2002 - 2014 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінде түрлі лауазым атқарды.


2014-2018 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының білім бөлімі» ММ басшысы; 2018-2020 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті балалар мен ересектерге арналған тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы; 2020-2022 жылдары Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивті білім беруді күтіп ұстау және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болды.


2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.


2022 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу #білім #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы референдумға дайын: 15 наурызда 654 сайлау учаскесі ашылады

Бүгін 14:03

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі