AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Биге қалай қарайсыз?..

Биге қалай қарайсыз?..

Не? Қайда? Қашан? 05.02.2024, 10:22 1,279
Биге қалай қарайсыз?..
gov.kz

Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға қабылданатын балалар үшін іріктеу басталады


Қазақ ұлттық хореография академиясы 4-5 сыныпқа балаларды қабылдау үшін  іріктеу басталғанын хабарлайды. Құжат тапсыруға еліміздің түкпір-түкпірінен 9-11 жастағы балалар қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2024 жылдың 12 ақпаны мен 24 сәуірі аралығында барлық облыс орталықтарында алдын ала іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын туралы ақпарат Академияның balletacademy_kz әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылады.


Жолдама алған балалар үшін қабылдау емтихандары 2024 жылдың маусым-шілде айларында өтеді.



4-сынып оқушылары хореографиялық өнер бойынша бейіндік даярлығы бар өнер саласындағы мамандандырылған мектепте дәріс алады. Ал 5-сыныпқа қабылданған балалар – кәсіптік білім беретін мектеп-колледжінде «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша оқиды. Оқу кезеңі - 7 жыл 10 ай.



Академияның білім алушылары соңғы үш жыл ішінде 54 халықаралық байқауға қатысып, 100-ден аса марапатқа ие болды.


Хореография академиясының колледжінде 2017 жылдан бастап «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша 100 адам, «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі бойынша 74 адам білім алды.



Академия түлектері отандық театр әртістерінің қатарын толықтырды. Олардың қатарында «Астана балет» және «Астана Опера» театрларының жетекші балет әртістері Шұғыла Әдепхан, Сұлтанбек Ғұмар, Рустам Чахалов, Сафия Әділханова, сондай-ақ халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, Ұмай ұлттық сыйлығының «Жыл жаңалығы» және «Үздік балет орындаушысы» номинацияларының иегерлері бар.



 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Хореография #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);