AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші...

Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші мәрте жеңіске жетті

Спорт 01.04.2023, 14:05 1,429 Аlmaty-akshamy.kz
Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші мәрте жеңіске жетті
сурет:vesti.kz

Осы жеңістен кейін ол турнирдің көшбасшылар тізіміне қайта оралды.


Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған жеңісінен кейін ол турнирдің көшбасшылар тізіміне қайта оралды.


Жарыстың алтыншы кезеңінде Бибісара Асаубаева ресейлік белгілі шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті. Бұл – қазақстандық спортшының аталған турнирдегі төртінші жеңісі. Осылайша, 4 балға ие болған ол турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан Чжу Цзиньэрге жетті. Қытайлық шахматшы әзірге бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.


Бибісара Асаубаева бүгін, 1 сәуірде үндістандық тәжірибелі шахматшы Хампи Конерумен шеберлік байқасады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған.



Осы турнирде Бибісара Асаубаева бір мәрте жеңіліп, ресейлік Александра Горячкинаға есе жіберіп қойды. Ал, Нино Батсиашвили (Грузия), Рамешбабу Вайшали мен Харикой Дроновалли (екеуі де – Үндістан) сынды қарсыластарынан басым түсті.


Еске салсақ, сәуір айында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Бибісара Асаубаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);