AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Берлинде «Паралимпиадашы» фильмінің еуропалық тұса...

Берлинде «Паралимпиадашы» фильмінің еуропалық тұсаукесері өтті

Не? Қайда? Қашан? 23.09.2022, 05:01 1,724
Берлинде «Паралимпиадашы» фильмінің еуропалық тұсаукесері өтті
Сурет: Qazaqtv.com

Отандық фильмнің сюжеті спортта үлкен жетістікке жетуді армандаған шаңғышының өмірі жайында. 


Алайда, апаттың салдарынан басты кейіпкер мансабын жалғастыру мүмкіндігінен мүлдем айрылады. Осылайша, оның өмірі паралимпиадашылармен кездесуден кейін түбегейлі өзгереді. Спорт жанрындағы туынды көрерменді соңына дейін қызығуышылық сезімінде ұстайды. Себебі басты кейіпкердің өмір жолында кездескен барлық қиындықты еңсере ме жоқ па, арманына қолы жете ме барлығы соңында белгілі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Фильмге тәнті болдым. Авторлар шиеленіскен хикаяны жан толғаныстарымен үйлестіріп, біз кейіпкерлермен бірге уайымдап отырдық. Олармен бірге бірде қуанып, бірде мұңайып отырдық. Мансап, отбасы, достық. Мұның бәрі бар. Кино маған қатты әсер етті», - деді көрермен Марие-Кристине Кноп.



Көрсетілімнен кейін көрермендерді тосын сый күтті. Фильмнің премьерасына арнайы түсірілім тобы келіп, шетелдік көрермендермен кездесті. Жүздесу барысында олар шығармашылық процесс, тыс қалған кадрлар мен қиындықтар туралы айтты.



«2018 жылы Пчёнчханда паралимпиадада алтын жүлде ұтқан отандасымыз Александра Колядинмен болған шынайы оқиғадан шабыт алдым. Біз адамдарды ынталандыратын кино түсіргіміз келді. Көргеннен кейін ізгі істер жасауға ниеті болсын деп. Щучинскте түсіргенде қатты аяз тұрып, күшті желден декорацияларымыз ұшып кеткен. Асқар Ілиясов жұқа жейдемен тұрған. Ол спортшының тек шаңғы тебуіне ғана арналған. Ал біз ұзақ уақыт көп дубль түсірдік қой. Бәріміз оны жылытып отырдық. Оған қоса актерлеріміздің көбісі шаңғы тебе алмайтын. Олимпиада чемпионымыз Елена Хрусталёва бір айда бәрін үйретті», -  дейді «Паралимпиадашы» фильмінің режиссері Алдияр Байрақымов. 



«Паралимпиадашы» фильмі әлемдік көрсетілімін бастады. Берлинге дейін картина Ташкентте көрермен назарына ұсынылды. Енді авторлар оны Франция мен АҚШ-та көрсетуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Паралимпиадашы #қазақстандық кино #Берлин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);