Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Берлинде «Ақын» фильмі көрсетілді

Берлинде «Ақын» фильмі көрсетілді

Не? Қайда? Қашан? 13.02.2022, 09:40 2,378
Берлинде «Ақын» фильмі көрсетілді
Cурет: Ашық дереккөз

Көрсетілімге билеттер бірнеше күн бұрын сатылып кеткен


Халықаралық Берлин кинофестивалінің «Форум» бағдарламасы шеңберінде ҚР Мәденииет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмінің еуропалық тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Айта кетсек, фильмнің режиссері аталған көрсетілімге қатыса алмады, алайда шетелдік көрермендерге отандық туындыны продюсер Юлия Ким және актриса Гүлжан Түзелбаева таныстырды.



«Фильмнің тұсаукесеріне қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Режиссер Дәрежан Өмірбаев бүгінгі белгілі себептерге байланысты көрсетілімге қатыса алмады. Менің ойымша шынайы өнерге берілген жандар бұл фильмнен өздерін көре алады. Мен фильмдегі басты кейіпкер образынан режиссердің өзін көріп тұрғандай боламын. Осы кинотуындының жарық көруіне атсалысуға мүмкіндік берген Дәрежан Өмірбаевқа алғысымды білдіремін», - деді көрсетілім алдында Юлия Ким.



Қазақстандық кинотуынды Берлин кинофестивалі көрермендерінің қызығушылығын тудырғанын айта кету керек. Бұл көрсетілімге билеттер бірнеше күн бұрын сатылып кеткен екен. Тұсаукесерге келген қонақтардың арасында Дәрежан Өмірбаевтың шығармашылығымен бұрыннан таныс көрермендер де болды.


«Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді. Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді. Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» атты автобиографиялық әңгімесі желісімен жазылған. Фильмдегі басты рөлді «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев сомдайды.


Еске сала кетсек, аталған фильм Токиода өткен халықаралық кинофестиваль шеңберінде алғаш көрсетіліп, Дәрежан Өмірбаев «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақын фильмі #Берлин #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика