Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Бельгиялықтардың 80 пайызы вакцина алған

Бельгиялықтардың 80 пайызы вакцина алған

Әлем 21.08.2021, 10:22 1,161
Бельгиялықтардың 80 пайызы вакцина алған
сурет: Strategy2050.kz

Бельгияда биыл қыркүйектен бастап карантин жеңілдетілмек. 


Бельгияда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде ел билігіне коронавируспен байланысты жарияланған карантин талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Осы уақытта 7 млн 796 мың бельгиялық коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл - ел халқының жасы 18-ден асқан тұрғындарының 80 пайызы. «Бүгінгі таңда ересек 10 адамның сегізі вакцина алған. Осылайша біз «жазғы жоспарды» асыра орындадық және биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бостандыққа маңызды қадам жасаймыз», - деді Бельгияның Премьер-Министрі Александр Де Кроо.



Ел үкіметінің жанындағы Консультативтік комитеттің (сарапшылар) кезекті отырысында 1 қыркүйектен бастап төмендегідей талаптар енгізілетін болады:


- Кафе мен мейрамханаларда санитарлық талаптар жеңілдетіледі. Тек залда жүргенде ғана (дәретханаға барғанда, үстелден үстелге ауысқанда, т.с.с.) бетперде тағу міндетті. Өзге шектеулердің барлығы алынды. Бұған қоса қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты карантин талаптарымен реттелмейді; - түнде істейтін дүкендердің жұмыс уақытына шектеу қойылмайды; - отбасылық шараларға келетін адамдар санына шектеу жоқ; - бельгиялықтар енді үйіне қанша адам жинаса да өздері біледі. - Фландрияда енді қашықтан жұмыс істеу ұсынылмайды, ал Брюссельде бұл ұсыныс әлі күшінде; - 1 қазаннан бастап түнгі клубтар жұмыс істей береді; - Тұрғындар міндетті түрде арақашықтықты сақтап маска тағуы тиіс қоғамдық орындардағы (қоғамдық көлік, станциялар, дүкендер, кітапханалар, сот, діни ұйымдар) санитарлық нормалар сақталады.


Сондай-ақ Бельгия Премьер-Министрі елдің барлық өңірлерінің әкімшіліктерін халық санының кемінде 70 пайызының вакцина алуын қамтамасыз етуге шақырды.



«Адамдарды неғұрлым көбірек вакциналау үшін мақсатты шаралар қолданылады», - деді А.Кроо.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #карантин #қалыпты өмір #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика