AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бекзат Саттарханов туралы көркем кітап жарыққа шығ...

Бекзат Саттарханов туралы көркем кітап жарыққа шығады

Әлеумет 21.06.2024, 17:40 1,052 Almaty-akshamy.kz. 
Бекзат Саттарханов туралы көркем кітап жарыққа шығады
Бейбіт Сарыбайдың әлеуметтік желісінен

Қазақстандық жазушы Бейбіт Сарыбай Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов туралы шығармасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қаламгер бұл туындысына боксшының рингтен тыс өмірін арқау еткен.

«Біраз уақыттан Бекзат Саттархановтың шаршы алаңнан тыс өмірі туралы жазып жүрген шығарманың нүктесін қойдым. Аяқтаған бетте Бекзат Сейілханұлының рухына арнап «Фатиха» мен «Ықыласты» оқыдым. Баян Хасанова деген мықты редактордың қолына тапсырдым. Жақсы жаздым деп сенімді айту қиын ғой, жақсы көріп жаздым... Шығарма туралы, жазылуы турасында кейінірек кеңірек айтармыз. Бұйырса кітап болып шығады», - деп жазды Бейбіт Сарыбай әлеуметтік желіде.

Әзірге шығарманың нақты қай уақытта шығатыны белгісіз.

Есте болса, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттарханов туралы бұған дейін «Бекзат» атты көркем фильм де түсірілген.

Түркістан қаласында туған спортшы бокспен 5 жыл айналысты. Осы уақыт аралығында ол жастар арасында ел чемпионатында топ жарып, 1998 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Ал ересектер арасында 1999 жылы Ташкентте Азия біріншілігінің финалына шығып, екінші орынға тұрақтады. Бұл сында марқұм боксшы Сидней Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын.

Өкінішке қарай, Сидней Олимпиадасында топ жарған боксшы арада тура үш ай уақыт өткенде жол апатынан қаза тапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бекзат Саттарханов #кітап #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 16:26

Мемлекет басшысы Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды

Бүгін 16:20

Уильям Руто Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2023 жылы Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында кездескенін атап өтті

Бүгін 16:18

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:15

Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 16:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);