AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бейжіңнен Римге дейін: 2025 жылғы мәдениет саласын...

Бейжіңнен Римге дейін: 2025 жылғы мәдениет саласындағы айтулы оқиғалар

Мәдениет 22.12.2025, 15:30 388
Бейжіңнен Римге дейін: 2025 жылғы мәдениет саласындағы айтулы оқиғалар
Сурет: Gov.kz

2025 жылы Қазақстаның мәдениет саласындағы жетістіктері айтарлықтай көп болды.

Бейжің қаласында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Орталық өнер, тіл және мәдени алмасуға және еліміздің мұрасын таныстыруға арналған ең ірі алаңға айналды. Орталық 2000-нан астам адамды қабылдап үлгерді. Мәдениет алаңы көрме, білім беру және ағартушылық бағытта жұмыс істейді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстанның мәдени дипломатиясын нығайту жөніндегі тапсырмаларына толық сай келеді.

2025 жылғы мәдени оқиғалардың ішінен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойын ерекше атап өткен жөн. Атаулы күн ЮНЕСКО-ның 2024–2025 жылдарға арналған халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енді. Бұл – композитордың әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесін айқындайтын оқиға. ЮНЕСКО композитордың қазақ дәстүрін, фольклорлық мұра мен заманауи музыканы үйлестіре білген кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Абайдың 180 жылдығына орай Рим қаласында ұлы ақынның ескерткіші орнатылды. Бұл маңызды оқиға Италия халқының назарын аударып, Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени байланысты нығайтты. Қырғызстанның Ош қаласында Абай атындағы көше, ескерткіш және музей ашылды. Бұл – елдеріміз арасындағы берік байланыс пен қазақ ойшылының ортақ мәдени тарихтағы орынын айшықтайды.

Сондай-ақ Армениядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға Президентіміздің Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары деңгейінде жасалған келісімдердің нәтижесінде жүзеге асты.

Тамыз айында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері қатысқан Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған ескерткіштің ашылуы өтті. Ескерткіш Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рухани және әдеби бірліктің символына айналды.

Биыл Ақтау қаласына Түркі әлемінің мәдени астанасы деген мәртебе берілді. Бұл мәртебені Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы берді. Ақтау жиырмадан астам елдің мәдениет майталмандарын қабылдап, фестиваль, көрмелер, конференциялар мен шығармашылық жобалар ұйымдастырды.

Сондай-ақ биыл Армения мен Ресейде Қазақстанның мәдени күндері өтті. Ал Қазақстанда Вьетнам халқының  мәдени күндері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар халықаралық мәдени коммуникацияны нығайтып, елдің шығармашылық жобаларға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы қазақстандық театрлар да айтарлықтай жетістіктерге жетті. «Астана Опера» театрының шетелдегі гастрольдері аншлагпен өтіп, театр әртістері әлемнің жетекші сахналарында жоғары бағаланды. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әнуарбек әлемдік операдағы ең беделді жобалардың бірі – Үлкен театрдың Жастар бағдарламасына конкурс арқылы қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәдениет саласы #айтулы оқиғалар #жетістіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Кеше 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Кеше 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Кеше 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Кеше 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Кеше 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика