AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Бейжің билігі мамыр мерекелері кезінде санитарлық...

Бейжің билігі мамыр мерекелері кезінде санитарлық талаптарды күшейтті

Әлем 30.04.2022, 09:50 1,138 Almaty-akshamy
Бейжің билігі мамыр мерекелері кезінде санитарлық талаптарды күшейтті
Cурет: Inform.kz

Бейжің билігі коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мамыр айындағы мереке күндері объектілердегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 


Санитарлық шаралар көлік нысанда, спорт және көрме кешендері, мәдениет және спорт, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілері нысандарында, қонақүйлер, мемлекеттік ұйымдар және медициналық мекемелерде енгізілген. Қалалық Ауруларды қадағалау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синьхо Қытай астанасының тұрғындары мамыр мерекелері кезінде қоғамдық орындарға кіруі үшін қолдарында 48 сағаттан ерте емес тапсырылған ПТР тестісінің теріс нәтижесі және арнайы QR-код болуы тиіс екенін айтты. 5 мамырдан бастап Бейжің тұрғындары мен қонақтары қоғамдық орындарға кіру және қоғамдық көлікке мінер кезде соңғы жеті күнге жарамды ПТР сынамасын ұсынуы керек. Мамыр мерекелері кезінде коронавирус жұқтырғандардың ең көп саны анықталған қалалық Чаоян іскерлік ауданының тұрғындары COVID-19 вирусына жаппай тестілеудің үш кезеңінен қайта өтуі тиіс. Қала билігінің мәліметінше, 3 мамырдан бастап Бейжіңде коронавирусқа ПТР тест тегін жүргізіледі. Мерекеден кейін студенттер мен кәсіпорын қызметкерлері жұмысқа немесе оқуға бару үшін теріс ПТР теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 54 жаңа оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бері Қытай астанасында 280-нен астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Ресми статистикаға сәйкес, өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10,7 мың жағдайы тіркелді. Өз кезегінде, өткен тәулікте елде бірнеше апта бойы ауруға шалдығудың ең жоғары ресми көрсеткіші тіркелген Шанхайда COVID-19 инфекциясының 10,1 мыңнан астам жағдайы анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#карантин #мереке #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді»

Бүгін 15:36

Тоқаев Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Алматы мамырда өтетін мерекелерге дайындалып жатыр: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасы

Бүгін 13:24

Парламентте жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданды

Бүгін 12:12

 Almaty Hub-та Waze және Moovit негізін қалаушы Uri Levine воркшобы басталды

Бүгін 11:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);