Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бейбіт миссия-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығ...

«Бейбіт миссия-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды

Әлеумет 24.09.2021, 14:00 762
«Бейбіт миссия-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды
Сурет: Gov.kz

Аталмыш шара Ресейдің «Донгуз» полигонында өтті.


24 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер әскери контингенттері арасында өткен «Бейбіт миссия-2021» бірлескен әскери терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.



«Қазақстанның әскери контингенті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау-шабуылдау ротасы, танк бөлімшелерімен және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар есептоптарымен бірге заңсыз қаруланған құралымдардың шабуылын тежеуді, қарсы шабуылға шығуды және шартты қарсыласты жоюды пысықтады», – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ұрыс әрекеттері үш кезеңде, бес оперативті іс-қимыл көрінісі ретінде өтті. Бірінші кезеңде – жағдайды тұрақтандыру жүргізілді, сосын ауданды ақпараттық бұғаттау іс-қимылы орындалды. Бұдан басқа, шартты қарсыластың ірі құралымдарының жауынгерлік қабілетін төмендету, сондай-ақ олардың материалдық құралдары мен оқ-дәрілер қорын жою шаралар кешені іске асырылды.


Екінші және үшінші кезеңдерде әскери контингенттер террорлық құралымды тоқтату үшін шабуыл жасау, қалған қарақшы топтарды жою және қақтығыстан кейінгі реттеу іс-қимылдарын жүргізді.



Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткен «Бейбіт миссия-2021» бірлескен әскери терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының тәжірибелік іс-қимылына Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары, құрлық әскерлерінің бөлімшелері және авиациясы жұмылдырылды. Беларусь Республикасының әскери контингенті оқу-жаттығуға алғаш рет қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полигон #жаттығу #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында күн сайын 700-ден астам қызметкер тазалықты қамтамасыз етеді

Бүгін 11:56

Әуе толқынында – «Шалқар» радиосы!

Бүгін 11:37

Алматыда «Ғылым аллеясы» ашылды

Бүгін 11:29

Алматының Әуезов ауданы 40 шақырымнан асатын инженерлік желі мен көше жарығын жаңартады

Бүгін 11:22

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар мемлекеттік награда алды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика