Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Базалық зейнетақы мөлшері алдағы бес жыл бойы бірт...

Базалық зейнетақы мөлшері алдағы бес жыл бойы біртіндеп өседі

Әлеумет 12.01.2023, 13:00 1,101
Базалық зейнетақы мөлшері алдағы бес жыл бойы біртіндеп өседі
Сурет: Ашық дереккөзі

Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова базалық зейнетақы мөлшері алдағы 5 жыл бойы біртіндеп өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің міндеттілігі жеке меншік сақтандыру компанияларында төмен деңгейде. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ғана емес, жалдамалы жұмыскерлердің белгілі бір бөлігі де қамтылмаған күйінде қалып отыр.


Егер кірістің жоғарғы шектерін ескермесек, онда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар аударылатын кірістердің деңгейлері де әр түрлі болады. Зейнетақы жарналарының орташа табысы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан 20%-ға төмен.


Ірі жұмыс берушілер мен зиянды өндірістердің қызметкерлері жоғары сақтандыру тарифтеріне, өмірді сақтандыру компанияларынан төленетін төлемдердің төмен мөлшеріне және сақтандыру компаниялары қызметінің ашықтығына назар аударады. Шара қолданбау болашақта жүйенің сенімі мен қаржылық тұрақтылығы мәселелеріне әкелуі мүмкін», – деді Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.


Министр зейнетақы мен сақтандыру төлемдерінің мөлшерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасатынын айтты.



«Зейнетақы жүйесіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табыстарының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ға дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі. Бұл өткен жылғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді», - деді Тамара Дүйсенова.



Дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізілмек.


«Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-на дейін жеткізіледі», – деді ведомство басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #Базалық #өсім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика