Батыс Қазақстанда су деңгейі басылмай тұр

Батыс Қазақстанда су деңгейі басылмай тұр Сурет: Kazinform

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті.



«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 6 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне сәйкес аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жайық суы Ақжайық ауданының аумағы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.


Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі кезде 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті. 


Сондай-ақ, Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеді.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:01

09:45

09:33

09:14

09:03

08:46

08:36

20:53

20:17

17:50

17:32

17:01

16:56

16:52

16:48

16:43

16:40

14:42

14:34

14:29

14:19

14:11

14:00

12:43

12:27