AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыс Қазақстанда мал өлекселері жойылуда

Батыс Қазақстанда мал өлекселері жойылуда

Әлеумет 10.04.2024, 11:57 972
Батыс Қазақстанда мал өлекселері жойылуда
Сурет: Astanatv.kz

Батыс Қазақстан облысында суға кеткен елді мекендер аумағында мал өлекселерін жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.


БҚО ветеринария басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аудан әкімдіктері жанынан құрылған комиссия ұсынған ақпаратқа сәйкес облыста 236 бас ірі қара (Бөрлі ауданында - 33, Қаратөбеде - 79, Сырымда - 68, Теректіде - 56), 1 677 ұсақ мал (Бәйтеректе - 1, Бөрліде - 226, Қаратөбеде - 949, Сырымда - 322, Теректіде - 179), 51 жылқы (Бөрліде - 40, Қаратөбеде - 3, Сырымда - 8), Бәйтеректе 7 бас шошқа және 81 үй құсының (Қаратөбеде - 74, Сырымда - 7) өлгені расталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мал өлекселерін жою биологиялық қалдықтарды жою қағидаларына сәйкес жер траншеяларында (шұңқырларда) өртеу жолымен жүргізіліп жатыр.


Өлекселерді жинау және жою жұмыстарына ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция және республикалық эпизоотияға қарсы отряд (РЭҚО) қызметкерлері жұмылдырылды.


«Күні бүгінге дейін облыс бойынша 230 бас ірі қара, 1 677 ұсақ мал, 51 жылқы, 7 шошқа, 81 үй құсының өлекселері жойылды. Өлекселер жатқан аулалар мен қора-жай орындарын ветеринариялық станция мен РЭҚО қызметкерлері «Глюзамин» дезинфекциялық құралымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын су басқан аумақтарда жұқпалы ауру жұқтырмау үшін не істеу керектігін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда су басқан жерлерде ішек аурулары тіркелген жоқ. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Батыс Қазақстан #мал өлекселері #жою жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);