конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдеріне тасқын су...

Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдеріне тасқын су жіберілді

Әлеумет 02.05.2025, 17:39 820
Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдеріне тасқын су жіберілді
Сурет: Gov.kz

Тасқын су Қамыс-Самар, Жалтыркөл, Соркөл, Орысқопа, Еділсор, Қоғалы, Итбатыр, Бірқазан, Қисыққамыс, Атпут, Тасоңғар, Сағырбай, Жаңаталап, Өтеген, Едіге, Айдын, Сары Айдын, Қаңбақты, Қазыбай-1, Қазыбай-2, Көктерек көлдері мен Мұқыр, Қоңырсай, Құйрықсай өзендеріне жіберілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сондай-ақ Жайық-Көшім мен Қос өзен жүйелері арқылы 18 мың гектардан астам шабындық жер суланды. Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және шаруаларды қажетті мал азығы қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері Жайық өзенінен Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне 307 млн текше метр су жіберілді. Оның 124 млн текше метрі тасқын су. Бүгінгі таңда Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіндегі каскадты су қоймаларында 188 млн текше метр немесе 72% су жиналды.

Ал Шаған су қоймасы су тасқыны кезеңінде 100% толып, 19,1 млн текше метр су жинады. Бұл су Орал қаласының кәсіпорындарына, саяжай қоғамдары мен шаруа қожалықтарына келісімшарт негізінде беріледі.

«Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңі қауіпсіз өтті. Филиалға қарасты су шаруашылығы нысандары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, оны өзен-көлдерге, жайылымдық, шабындық жерлерге бағыттады. Сондай-ақ жазғы-күзгі кезеңде жергілікті шаруа қожалықтары мен өндіріс ошақтарын сумен қамту үшін тасқын суын қоймаларға жинады», - деді Батыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы директоры міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Батыс Қазақстан #тасқын су #жіберу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);