AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасы...

Батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасынан бастап жылу беріледі

Әлеумет 08.10.2024, 12:53 1,068 Bakyt
 Батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасынан бастап жылу беріледі
Алматы әкімдігі

Энергетика министрлігі: Жылу беру маусымына 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут дайындалды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

Жылу беру маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталып кетті. Ауа райының жағдайына байланысты батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасынан бастап жылу беріледі деп жоспарлануда.

Энергетика министрінің айтуынша, электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 5 энергия блогында, 32 қазандықта, 28 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 4 энергия блогында, 23 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары әр түрлі кезеңдерде жүргізілуде.

Электр желілері бойынша 19,9 мың км электр беру желілері, 376 қосалқы станса және 4 046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөндеуден өтті.

Министрлік алдағы жылу беру маусымында тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін:

- электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралды;
- қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға арттырып, 327 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жылу беру маусымына арналған қоймаларда нормативтерге сәйкес 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған.

Министрлік өңірлердегі ағымдағы бірқатар мәселелерді бақылауда ұстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жылу #энергетика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);