AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Бастау» кинофестивалі Алматыда 12-ші рет өтеді

«Бастау» кинофестивалі Алматыда 12-ші рет өтеді

Мәдени Алматы 09.12.2024, 10:11 1,207
«Бастау» кинофестивалі Алматыда 12-ші рет өтеді
Сурет: Ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз қызметі

11-14 желтоқсан аралығында Алматыда XII Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлттық киноны қолдау орталығының мәлімдеуінше, фестивальді дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Tanaris Production және A Team кинокомпаниялары ұйымдастырады.  

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 11 желтоқсанда «Арман» киноорталығында өтеді. Шара режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды туындысы - «Оның әкесіне, менің арғы атама, оның арғы атасына пірәндік» деректі фильмімен ашылады. Картинаның әлемдік премьерасы осы қазан айында Оңтүстік Кореядағы Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен.

Биылғы жылы фестивальде BASTAU SHORTS халықаралық байқау бағдарламасы болады. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды ойын, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі. Бұл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқаудың барлық көрсетілімдері «Тұран» университетінде өтеді. Кіру тегін.

12-ші «Бастау» кинофестивалінің үздік фильмдерін Ресей кинематографистер одағының және Өзбекстан кино қайраткерлері одағының мүшесі, режиссер Рашид Маликовтың төрағалығымен Халықаралық қазылар алқасы айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына ресейлік кинооператор Борис Литовченко, қырғызстандық режиссер, сценарист және продюсер Дальмира Тілепберген, қазақстандық киносыншы Ораз Керейбаев және отандық режиссер Олжас Баялбаев кірді.

Сондай-ақ, фестиваль аясында дебютті қысқаметражды ойын және деректі фильмдердің жобалары бар жас режиссерлерге арналған Almaty Film Lab шеберханасы екінші рет ұйымдастырылмақ. Фестивальдің жабылу салтанаты 14 желтоқсанда AlmaU-дағы Atrium Grand Hall-да өтеді. Онда өткен жылғы Almaty Film Lab питчингінің жеңімпаздарының үш қысқаметражды жұмысы көрсетіледі. Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасында жетекші кино мамандарының шеберлік сыныптары мен халықаралық кинематографистердің қатысуымен дөңгелек үстел бар.

Фестивальдің серіктестері – «Ораз Әбішев қоры» қоғамдық қоры, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ, Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі, AlmaU медиа және кино мектебі және Qara Studios.

Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және біздің bastauiff – Instagram және Facebook парақшаларынан біліп отыруға болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бастау #фестиваль #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика