AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Бас шілде» басталды

«Бас шілде» басталды

Керек кеңес 06.07.2023, 07:32 1,412 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
«Бас шілде» басталды
kaz.nur.kz

Нөсер тілеген көкала бас қорғасын бұлттар шың басын қымтап алған...


Алматыда биылғы жаз жауын-шашынды, найзағайлы болып басталып, ауа райы құбылмалы қалпын әлі сақтап тұр. Алатаудың басынан бұлт кетпейді, тұмшалап алған. Тау бөктерлері мен шатқалдарын салқын самал еншілеп, түнге қарай, әсіресе таң алдында салқындатып жібереді.


«Алдағы аптада аптап ыстық­пен бірге нөсерлі жауын, өкпек жел, салқын самал болуы әбден мүмкін. Найзағай ойнап, күн күркіреуі де ғажап емес...» де­генбіз өткен жолғы пайымымыз­да. Солай болды да, күн күркіреп, найзағай ойнады.


Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, шілде айының 6-шы жаңасы. Ал «Шілде амалының» алғашқы онкүндігі бітіп, екіншісі басталды. Табиғат жыршысы Ілияс Жансүгіров ақынның:


«Құрт, ірімшік қайналды,


Құлындар да байланды.


Жапырақтар жалпайды,


Жас қозылар марқайды...», –


деп басталатын шілде көрінісі туралы «Жазғы шілде» өлеңінің жазылған мезгілі бұл.


Шілде өте ыстық ай, оның ыстығы 40 градусқа жететін бол­ғандықтан әрі 40 күнге созыла­тындықтан, бұрынғылар «қырық күн шілде» деп атаған. Маусым айының 25 жұлдызынан тамыз айының 5 жұлдызына дейінгі ке­зеңді қамтиды, ауа райы өте ыс­тық болады. Иә, бұл болжам бо­йынша, қазақы пайым осылай дейді. Ал шын мәнінде әлі аспан толық әрі тұрақты ашылар емес, жаңбыр басылар емес.


Осы мезгілді данышпан хал­қымыз «Бас шілде» деп те атай­ды. Амал кезінде қапырық ыстық болады. Кейбір жылдары қоңыр­жай қалыпта өтетін болған. Ел арасындағы ауа райын бақылай­тын есепшілер, Бас шілденің қа­лай өтуіне қарап, шілде айында­ғы күн райын болжайтын болған.


Өткен жолғы пайымымызда сөз еткендей, ел жайлауларында құлын байланып, бие сауу жүріп жатыр. Қымыздың жүз ауруға ем екенін дәрігерлер айтып жүр. Саумал – сал ауруларына, жүрек пен асқазан жарасына, бауыр мен өкпе ауруларына мың да бір шипа. Буын мен қаназдық дертіне де дауа.


Бүгін ай күнтізбесі бойынша, өткенде туған айдың –18-і, ал қолданыстағы күнтізбенің тілі айдың – 6-сын көрсетіп тұр, қа­зақша есепке жүгінсек, шілде айы енді 9 күннен кейін туады. Әр айдың басы мен ортасы және соңғы кезі әлбетте, өзгеріссіз бол­майды. Демек, алдағы аптаның жаңбырлы болатынын меңзеп тұр. Күн бұрынғыдан салқындай­ды, бірақ мұндай көрініс ұзаққа бармауы тиіс...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #болжам #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);